Жәнібек Әлімханұлы әлем чемпионын нокаутқа түсіруге уәде берді

Жәнібек Әлімханұлы әлем чемпионын нокаутқа түсіруге уәде берді
Фото: ©Top Rank

Қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы орта салмақтағы тағы бір титулды жеңіп алмақ. Боксшы әлеуметтік желіде мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды Vesti.kz.

"Таяуда WBO чемпиондық титулы үшін жекпе-жегім болады, иншаАллах. Келер жылы WBC әлем чемпионы титулын қалаймын. Дайындал, Чарло!

Шынымды айтсам, Андраде титулдан бас тартқанын қаламаймын. Ол менімен жұдырықтасса деймін. Оны нокаутқа түсіремін. Жекпе-жексіз чемпион болу жақсы, бірақ чемпионды нокаутқа түсіру одан да жақсы", - деп жазды ол Twitter-де.  

Е. Төлеш