Тамызда қай өңірлерде құрғақшылық болады?

Тамызда қай өңірлерде құрғақшылық болады?

Қазгидромет синоптиктері тамызда Қазақстанның қай өңірлерінде құрғақшылық болуы мүмкін екенін мәлімдеді, - деп хабарлайды Мassaget.kz.

Статистикалық болжамға сәйкес, тамызда Қазақстанның басым бөлігінде ылғалдылық нормаға жақын болады деп күтіліп отыр.

Қызылорда облысының Қармақшы ауданында, Маңғыстау облысының Қарақия және Маңғыстау аудандарында құрғақшылық болады деп болжанып отыр. Сондай-ақ, Ақтөбе облысының Әйтеке би және Мұғалжар аудандарында, Қарағанды облысының Нұра ауданында, Қостанай облысының Амангелді және Жангелді аудандарында жауын-шашын тапшылығы күтіледі.

Ақтөбе облысының солтүстік және батыс бөлігінде, Атырау облысының Қызылқоға ауданында, Батыс Қазақстан облысының Сырым, Казталов және Ақжайық аудандарында керісінше ылғалданудың оңтайлы жағдайлары күтіледі. Сондай-ақ, Алматы облысының Панфилов және Кербұлақ аудандарында да ылғалды болады.

Г. Досымшалова