Жаңбыр жауа ма? Алдағы үш күнге ауа райы болжамы

Жаңбыр жауа ма? Алдағы үш күнге ауа райы болжамы
Фото: Тұрар Қазанғапов

Синоптиктер 28, 29 және 30 шілдеге арналған ауа райы болжамын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz.

"Қазақстанның солтүстік бөлігіндегі метеорологиялық жағдай нашарлайды. Солтүстікте күндізгі ауа температурасы төмендейді және елдің оңтүстік жартысында ыстық бәсеңдейді", - делінген хабарламада.

Күндізгі уақытта ауа температурасы:

Қазақстанның солтүстік-батысында, солтүстігінде күндіз +20 +30 градустан +15 +25 градусқа дейін;
елдің орталығында +25 +33 градустан +18 +27 градусқа дейін;
шығыс облыстарда аптап: +25 +35 градустан +19+29 градусқа дейін төмендейді;
Қазақстанның оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында +30 +39 градустан +25 +36 градусқа дейін болады.

С. Сатыбалдина