Шымкентте 17 жастағы бозбала 19 жастағы жігітті қатыгездікпен өлтірді

Шымкентте 17 жастағы бозбала 19 жастағы жігітті қатыгездікпен өлтірді

Шымкентте 17 жастағы бозбала 19 жастағы жігітті қатыгездікпен өлтірді. Қанды оқиға 26 шілдеге қараған түні Қазиев пен Шынар көшелерінің қиылысында болған, - деп хабарлайды Оtyrar.kz.

Оқиға куәгерлері күдіктінің өткір затпен екі соққы жасағанын айтады. Салдарынан 19 жастағы жігіт оқиға орнында көз жұмған. Тәртіп сақшылары күдікті ретінде 17 жастағы бозбаланы ұстады. Бүгінде бұл дерек Қылмыстық кодекстің 99-бабымен тіркелді. Мәйітке сот-медициналық сараптамасы тағайындалды.

"26 шілдеде Абай ауданының Полиция басқармасына 102 арнасы арқылы Қ.Қазиев және Шынар көшелерінің қиылысында 2003 жылы туылған ер адамның мәйіті табылғаны жөнінде хабарлама келіп түскен. Жүргізілген жедел іс-шараларының нәтижесінде, 2005 жылы туылған азамат күдікті ретінде ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу жұмыстары жалғасып жатыр", - деді Шымкент қаласы ПД ішкі және сыртқы коммуникациялар басқармасының басшысы Мөлдір Бекеева.

Г. Досымшалова