"Алманың көлеміндей алты ісік алынған". Атырауда бір жасар балаға күрделі операция жасалды

"Алманың көлеміндей алты ісік алынған". Атырауда бір жасар балаға күрделі операция жасалды
Фото: atpress.kz

Атырауда бір жасар баланың миына күрделі операция жасалды, - деп хабарлайды Atpress.kz.

Бір жасар сәби есептелген мерзімнен екі ай бұрын дүниеге келген. Ол облыстық перинаталдық орталықтың жансақтау бөлімінде дәрігерлердің бақылауында болған. Кейін облыстық балалар ауруханасына ауыстырылды. Дәрігерлер баланың миына қан құйылған деген диагноз қойған. Бұл диагноз ультрадыбыстық зерттеу кезінде расталыпты.

Бірнеше ота жасалды, баланың жағдайы жақсарды. Алайда мида алманың көлеміндей алты ісік пайда болды.

"Мұндай жағдай еліміздің басқа қалаларында да болған. Сондықтан Атырауға балалар нейрохирургі Данияр Сабдиналиевті шақырып, шеберлік сабағын өткіздік. Бірнеше сағатқа созылған операция кезінде баланың миындағы бұл патологияны алып тастадық. Қазір науқастың жағдайы қанағаттанарлық деп айтуға болады", - дейді нейрохирург Шодер Әріпов.

Е. Төлеш