Рекорд - 41 рет тартылу. Шымкенттегі Tartyl Fest қалай өтті?

Рекорд - 41 рет тартылу. Шымкенттегі Tartyl Fest қалай өтті?

Шымкентте республикалық Tartyl Fest фестивалі өтті, - деп хабарлайды Massaget.kz.

Кермеге тартылудан фестивальге қатысуға екі мыңнан аса адам өтінім берді. Турнирдің ең жас қатысушысы 6 жаста болса, ең үлкені - 61 жаста.

Ұйымдастырушы - Президент жанындағы "Дара" таланттарды қолдау қорының" мәліметінше, Шымкентте өткен фестивальде Tartyl Fest-тің жаңа рекорды тіркелді. Азамат Сапар 41 рет тартылған. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Dara Qory (@daraqory)

Шымкентте өткен фестиваль жеңімпаздары.

Бірінші орын мен 200 000 теңге жүлде:
18 жасқа дейін:
Шархан Ерқанат, 15 жаста, 45 кг - 37 рет
Арман Нұрболұлы, 16 жаста, 62 кг - 30 рет
Станислав Перелыгин, 16 жаста, 70 кг - 32 рет

18-30 жас арасы:
Дастанбек  Орынбаев, 23 жаста, 56 кг - 37 рет
Жахонгир Жамедов, 21 жаста, 71 кг - 35 рет
Азамат Сапар, 22 жаста, 85 кг - 41 рет

30 жастан асқандар:
Нұржігіт Мәлімбаев, 30 жаста, 68 кг - 34 рет
Әміржан Маушев, 35 жаста, 80 кг - 28 рет
Нұржігіт Қожарбаев, 28 жаста, 93 кг - 21 рет

Екінші орын мен 100 000 теңге жүлде:
18 жасқа дейін:
Әліпбай Пердеғали, 15 жаста, 53 кг - 29 рет
Сейтмат Бекнұр, 16 жаста, 55 кг - 30 рет
Руслан Халматов, 16 жаста, 74 кг - 25 рет

18-30 жас арасы:
Бесұлан Орынбасаров, 21 жаста, 54 кг - 36 рет
Ілияс Отарбаев, 18 жаста, 65 кг - 31 рет
Ибрагим Шарафутдинов, 24 жаста, 83 кг, - 35 рет

30 жастан асқандар:
Руслан Аманқұлов, 32 жаста, 57 кг - 30 рет
Берік Өтегенов, 32 жаста, 80 кг - 27 рет
Нұрлан Барлыбаев, 30 жаста, 90 кг - 20 рет

Үшінші орын мен 50 000 теңге жүлде:
18 жасқа дейін:
Ердәулет Исаев, 17 жаста, 43 кг - 27 рет
Амангелді Ердәулет, 17 жаста, 61 кг - 29 рет
Богдан Руденко 

18-30 жас арасы:
Қанат Құлтай, 23 жаста, 55 кг - 34 рет
Байымбекс Нұрсұлтан, 29 жаста, 66 кг - 30 рет
Айбол Нысанәлі, 22 жаста, 88 кг - 28 рет

30 жастан асқандар:
Бекжан Мамытбеков
Бауыржан Сыздықбаев, 42 жаста, 89 кг - 21 рет
Ермек Байдуашов, 40 жаста, 98 кг - 18 рет.

Жеңімпаздарды Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан, "Дара" таланттарды қолдау қорының басшысы Нұрлан Қоянбаев, жоба елшісі әрі қоғам қайраткері Айтым Жақыпов құттықтады.

Еске салайық, Tartyl Fest Қазақстанның әр аймағында 10 шілде мен 6 қыркүйек аралығында өтеді. Республикалық фестиваль аясында әр қалада 27 жеңімпаз анықталады. Әр қаланың жеңімпаздары (9 номинация бойынша) Нұр-Сұлтан қаласында өтетін гранд-финалға қатысады. Кейін олар street workout бойынша әлем чемпионатында еліміздің атынан қатыса алады.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Dara Qory (@daraqory)

Tartyl Fest фестивалінің кестесі:

  • Түркістан - 25 шілде
  • Қызылорда - 27 шілде
  • Атырау - 31 шілде
  • Ақтау - 3 тамыз
  • Орал - 6 тамыз
  • Ақтөбе - 9 тамыз
  • Қостанай - 12 тамыз
  • Петропавл - 15 тамыз
  • Көкшетау - 18 тамыз
  • Жезқазған - 21 тамыз
  • Қарағанды - 24 тамыз
  • Павлодар - 27 тамыз
  • Семей - 30 тамыз
  • Өскемен - 2 қыркүйек
  • Нұр-Сұлтан - 6 қыркүйек

Фестиваль туралы толығырақ ақпаратты "Дара" қорының сайтынан және Instagram-дағы @daraqory парақшасынан табуға болады.

Еске салайық, Tartyl Fest Қазақстанда алғаш рет өтіп жатыр. Оны Президент жанындағы "Дара" таланттарды қолдау қоры ұйымдастырып жатыр. Қор Қазақстанның түкпір-түкпірінен таланттарды табу және олардың әлемдік деңгейде өзін-өзі таныту мүмкіндігін беру үшін құрылған.

Е. Төлеш