22 шілдеге арналған ауа райы болжамы

22 шілдеге арналған ауа райы болжамы

Синоптиктер 22 шілдедегі ауа райы болжамын айтты, - деп хабарлайды Мassaget.kz тілшісі.

Қазгидромет мәліметінше, бүгін 7 өңірде аптап болады.

Қазақстанның басым бөлігінде найзағай ойнап, жаңбыр жауып, дауыл соғады.

Елдің батысы мен шығысында бұршақ, оңтүстік-батысында шаңды дауыл болады. Тек қана оңтүстік пен оңтүстік-шығыста жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.

Түркістан, Қызылорда, Жамбыл, Жетісу облыстарының басым бөлігінде, Маңғыстау, Қостанай облыстарының оңтүстігінде төтенше өрт қаупі күтіледі.

Күндіз Ұлытау облысының басым бөлігінде қатты ыстық сақталады.

Күндіз Жамбыл облысының басым бөлігінде, Қызылорда облысының оңтүстігінде, Қарағанды облысының оңтүстік-шығысында, Түркістан облысының батысы мен шөлді аудандарында, Жетісу облысының батысы мен орталығында, Алматы облысының солтүстігінде қатты ыстық болады деп болжанып отыр.

Г. Досымшалова