СҚО-да қатты желден ауыл мектебінің шатыры ұшып кетті

СҚО-да қатты желден ауыл мектебінің шатыры ұшып кетті

Желіде Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданындағы ауыл мектебінің шатырын дауыл ұшырып әкеткені туралы видео тарады, - деп хабарлайды Мassaget.kz.

Видеодағы мәліметке қарағанда оқиға 11 шілде күні сағат 15.00 шамасында СҚО Тайынша ауданының Чермошнянка елді мекенінде болған. Қатты дауыл ауыл мектебінің шатырын ұшырып әкеткен.

СҚО білім басқармасының мәліметінше, дауыл салдарынан Чермошнянка орта мектебінің аумағы 924 шаршы метр болатын шатыры зақымданған. Зардап шеккендер жоқ. Өйткені бұл уақытта мектепте ешкім болмаған.

Білім ордасы 2008 жылы күрделі жөнделіп, шатыры, жылыту жүйесі ауыстырылған екен.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от ПЕТРОПАВЛОВСК КАЗАХСТАН ❤ СКО (@skopetro)

Г. Досымшалова