Шавкат Рахмонов UFC титулына қатысты мәлімдеме жасады

Шавкат Рахмонов UFC титулына қатысты мәлімдеме жасады
Фото: ©ufc.com

Қазақстандық файтер Шавкат Рахмонов UFC титулы туралы пікірін айтты, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Бұған дейін қазақстандық файтер жеңістер сериясын ұзартып, өз дивизионында топ-10 қатарына кірген еді. 

"Өз салмағымда тезірек UFC белбеуін алғым келеді. Болашақта өз мектебімді ашатын шығармын. АҚШ-қа тек жекпе-жек өткізу үшін барамын. Көшу туралы ұсыныс жоқ, бірақ болашақта көре жатармыз. Магнимен жекпе-жектен кейін Стивен Томпсонды кездесуге шақырдым. Ол жақсы файтер.

Менімен тең деңгейдегі қарсылас ретінде Мишель Перейра қызық. Онымен қуана кездесер едім, - деп келтірді файтердің сөзін 5q.media.

Е. Төлеш