Шымкентте мүгедек такси жүргізушісіне Желі қолданушылары жаңа көлік сыйлады

Шымкентте мүгедек такси жүргізушісіне Желі қолданушылары жаңа көлік сыйлады

Шымкентте бір қолы жоқ такси жүргізушісі әлеуметтік желі қолданушыларына әсерлі өмірбаянын бөлісіп, көлікке ие болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Elitar.kz сайтына сілтеме жасап.

Журналист Мақсат Толықбай Instagram-парақшасында такси жүргізушісінің қиын тағдыры туралы айтып берді. Шымкенттегі зауыттардың бірінде жұмыс істеп жүргенде бір қолынан айырылған. Кейін отбасын асырау үшін такси жүргізе бастаған. Сонымен қатар, ер адам қатерлі ісікпен ауырады.

Журналист механикалық көлік мүмкіндігі шектеулі жандарға ыңғайсыз екенін айтты. Такси жүргізушісінің айтуынша, оның автомат беріліс қорабы бар көлік алуға қаражаты жоқ.

Журналист оқырмандарды игі іс істеуге шақырды. Бір аптадан кейін халық жинаған ақшаға Оңтүстік Кореядан жаңа көлік сатып алынды.

"Темір тұлпарды" ұсынған сәттің видеосы әлеуметтік желіде жарияланды. Көзіне жас алған таксиші халыққа алғысын айтып, баршаға денсаулық тіледі.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Информационное агентство (@elitar.kz)

G. Dosymshalova