20 жыл бұрын адам өлтірді деп айыпталған әйел Шымкентте ұсталды

20 жыл бұрын адам өлтірді деп айыпталған әйел Шымкентте ұсталды
Фото: © elements.envato.com.

20 жыл бойы іздеуде жүрген әйел Шымкенттен табылды, - деп хабарлайды Nuz.uz.

Ташкент облысы ІІБ баспасөз қызметінің мәліметінше, 20 жыл бұрын кісі өлтіргені үшін айыпталған өзбекстандық Шымкентте ұсталған.

Әйел осы уақытқа дейін іздеуде болған. Ол Қазақстан мен Өзбекстан полициясының бірлескен іс-шарасы барысында ұсталған. 

Күдікті 2003 жылы Қылмыстық кодекстің 97-бабы 1-бөлігі (Қасақана кісі өлтіру) бойынша айыпталған.

Ж. Қадыржанова