Алдағы күндері ауа райы қандай болады?

Алдағы күндері ауа райы қандай болады?
Фото: Тұрар Қазанғапов

"Қазгидромет" РМК синоптиктері 9-11 шілде аралығындағы ауа райы болжамын жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz.

Атмосфералық фронтальды бөліктер өтуіне байланысты республиканың барлық аумағында тұрақсыз ауа райы сақталады. Найзағай ойнап, жел күшейеді, сондай-ақ, бұршақ жаууы мүмкін.

Еліміздің оңтүстік-батысы мен оңтүстігінде шаңды дауыл болып, солтүстігінде, солтүстік-батысында түнде, таңертең тұман түседі.

"Ауа температурасы күндіз батыста +30+38 градус, оңтүстік-батыста +30+41 градус, солтүстік-батыста +22+33 градус, солтүстікте, орталықта +22+30 градус, шығыста ауа температурасы +17+25 градустан +23+31 градусқа дейін, оңтүстік-шығыста +20+29 градустан +23+32 градусқа дейін көтерілуі мүмкін, елдің оңтүстігінде ауа температурасы +27+35 градус болады болжанып отыр", - делінген хабарламада.

Ж. Қадыржанова