"Тобыл" Чемпиондар лигасындағы бірінші ойынында рекорд орнатты

"Тобыл" Чемпиондар лигасындағы бірінші ойынында рекорд орнатты
Фото: "Тобыл" ФК

Қостанайлық "Тобыл" өз стадионындағы жанкүйерлер саны бойынша рекорд орнатты, - деп хабарлайды KazFootball.kz

Бұл рекорд Чемпиондар лигасы бірінші іріктеу кезеңінің "Ференцварошқа" қарсы алғашқы ойынында тіркелді. Қостанайдағы ойынға 8 420 жанкүйер келген екен. 

Бұған дейін рекорд 2009 жылы тіркелген болатын. Ол кезде түркиялық "Галатасарай" командасына қарсы өткен ойынды 8 320 көрермен тамашалаған болатын. 

Ал ойынның өзі 0:0 есебімен аяқталды. Қарымта кездесу 13 шілдеде Будапешт қаласында өтеді. 

Е. Төлеш