Самарқанда екі жасар қызын сатпақ болған әйел сотталды

Самарқанда екі жасар қызын сатпақ болған әйел сотталды

Самарқанда екі жасар қызын 5 мың долларға сатпақ болған 29 жастағы әйел 4,5 жылға бас бостандығынан айырылды, - деп хабарлайды Zamon.uz телеарнасы.

Телеарна мәліметінше, тәртіп сақшылары оны "тапсырыс берушіден" 1500 доллар алып жатқан жерінде ұстаған. Әйел қалған ақшаны балаға құжат рәсімдегеннен кейін алатын болып келіскен.

Ол сотта өз кінәсін мойындамаған. Сот оны Қылмыстық кодекстің 135-бабының үшінші бөлігі "а" тармағында (адам саудасы) көзделген қылмысты жасағаны үшін кінәлі деп танып, 4,5 жылға бас бостандығынан айырды.

Мемлекеттік айыптау оны 7 жылға бас бостандығынан айыруды сұрағанымен, судья Зарифа Ахмедова әйелді төрт жыл алты айға бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарды.

Г. Досымшалова