"Нокаут". Бапкер трилогияда "Канелоның" жоспарын ашып айтты

"Нокаут". Бапкер трилогияда "Канелоның" жоспарын ашып айтты
Фото: instagram.com/gggboxing

Екінші орта салмақтағы абсолют чемпион Сауль Канело Альварестің  (57-2-2, 39 КО) бапкері Эдди Рейносо Геннадий Головкинмен (42-1-1, 37 КО) үшінші кездесуде қазақстандық боксшыны нокаут күтіп тұрғанын айтты, - деп хабарлайды Vesti.kz

Бапкер алдағы айқаста Канело стилін түбегейлі өзгертпейтінін айтты. 

"Біз Головкинді бұған дейінгі кездесулерде де нокаутпен жеңгіміз келген. Бірақ құлата алмадық. Алдағы жекпе-жекке жақсылап дайындаламыз. Сосын нокаутпен жеңеміз. Біз бұған дейінгі екі кездесудегідей жұдырықтасамыз. 

Қорғаныста мықты болып, қарсы шабуылға иек артамыз. Олар бір-бірін өте жақсы біледі. Менің ойымша, алғашқы раундтар қиын болады", - деп келтіреді Рейносоның сөзін fightnews.info порталы. 

Ж. Қадыржанова