ТЖД алматылықтарға ескерту жасады

ТЖД алматылықтарға ескерту жасады

ТЖД ауа райына байланысты алматылықтарға ескерту жасады, - деп хабарлайды Мassaget.kz.

Ведомство мәліметінше, 4 шілдеде Алматыда 36 градусқа дейін ыстық болады. Осыған байланысты Алматы қалалық ТЖД өкілдері ескерту жасады.

Қала тұрғындары мен қонақтарынан күн астында серуендеуден, ашық аспан астында физикалық тұрғыда белсенділік танытудан аулақ болу сұралады. Сондай-ақ, құтқарушылар дәрігердің ұсыныстарын дұрыс орындап, тағайындалған дәрі-дәрмектерді уақтылы қабылдау керектігін еске салады.

Аптап ыстық жүрек-қан тамырлары ауруларынан, артериялық гипертониядан зардап шегетіндер үшін, сондай-ақ инфаркт пен инсульт алу қаупі бар адамдар үшін өте қауіпті.

Г. Досымшалова