"Мә, саған көрсетейін деп төбемнен бір ұрған сияқты болды" - Асанәлі Әшімов ұлдарының қазасы туралы

"Мә, саған көрсетейін деп төбемнен бір ұрған сияқты болды" - Асанәлі Әшімов ұлдарының қазасы туралы
Фото: assanali.ashimov

Асанәлі Әшімов "Уақыт көрсетеді" YouTube-арнасында ұлдарының қазасы туралы айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz.

Оның сөзінше, отбасына тіл-көз тиген.

"Менің отбасыма тіл тиді" деп жазғаным бар. Өзім солай деп ойладым. Өйткені екеуі қатар шықты. Шоқан шықты. Кейде ойлайсың ғой, кейде ойлап таңғаламын. "Қалай 1 жылда, біреуі жылдың басында, біреуі жылдың аяғында", - деді актер.

Актер ұлдарының қазасы туралы ашық айтты. 

(...) Мәдиім ауырып жатқанда, 20 күн өткеннен кейін ауырлап бара жатты. "Балам-ау, не мынау?" деймін. Мені тыныштандырады. Ең соңғы рет тілі байланып, көзі бақырайып, маған ұзақ қарады. "Аға, сіздің құдіретті қолыңыздан келмеді ме? Жазып шығару қолыңыздан келмеді ме?" деді. Маған Құдайдай сенгені ғой.

Сағи енді аяқ астынан. Бөлек тұратын еді, үйге келіп қонып, апаммен екі сағат сөйлесіп, ұзақ ваннаға түсті дейді. "Залда жатайын деп жерге төсек салып, жатып қалды" дейді. Мен кетерде "үйің бар, үйіңе қонсайшы" деп әзілдеп кетіп едім. Таңертең тұрмай қалды содан. Сап-сау бала. Не болды? Не қойды? Жұмбақ. "Ойбай! Мына баланың денесі мұп-мұздай ғой" деген шешейдің дауысы шықты. Кетіп қалған. Түн ортасында кетіп қалған болуы керек. "Қиналдым, анау-мынау" деп бірнәрсе айтпай, кетіп қалған.

Мәди ұзақтау ауырды, екі айдай. 39, 37 ғой екеуі, бір жарым жас арасы. Кейде өзімнен көрем, дандайсып кішкене кетіп қалған кезіміз болды. Сонда Алла Тағалам қағып жіберді. (...) "Мә, саған көрсетейін" деп төбемнен бір-ақ ұрған болуы керек", - деді актер.

Ж. Қадыржанова