Атырауда жасөспірім қыз екі күннен бері іздестіріліп жатыр

Атырауда жасөспірім қыз екі күннен бері іздестіріліп жатыр

Атырауда 12 жастағы қыз із-түзсіз жоғалып кетті, ол үйінен шығып, оралмаған, - деп хабарлайды ATPress.kz басылымы.

Ол 27 маусымда Химпоселок шағынауданындағы үйінен кешкі 19:00 шамасында белгісіз бағытқа қарай шығып кетіп, қайта оралмаған.

Туыстары мектеп оқушысының басқа күндері спорттық киіммен жүретінін, бірақ сол күні үстіне ақ көйлек, аяғына ақ кроссовка кигенін айтады.

Сондай-ақ, желіде жасөспірім қыздың көше бойымен белгісіз жаққа қарай кетіп бара жатқан сәтінен видео тарады. Бұл сәт көшедегі бейнекамералардың біріне жазылып қалған. Ең соңғы рет куәгерлер оны 27 маусымда сағат 19.55-те "Еламан" дүкенінде көрген.

Полиция қазір жасөспірімді іздестіру жұмыстары жүргізіліп жатқанын айтты.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от АТЫРАУ | КАЗАХСТАН | 06 ? (@atyrauoil.official)

Г. Досымшалова