"Тауып алып, өлтіремін". Танымал әнші белгісіз біреу қоқан-лоқы көрсеткенін айтты

"Тауып алып, өлтіремін". Танымал әнші белгісіз біреу қоқан-лоқы көрсеткенін айтты

"Меховая 8/1" тобының солисі Жандос Самалбеков Instagram-парақшасында белгісіз біреудің қоқан-лоқы көрсеткенін жазды, - деп хабарлайды Massaget.kz.

"Тауып аламын, өлтіремін. Ағайындарың көмектесе алмай қалады. Ұрлап кетіп, жүксалғышқа салып алып кетемін", - дейді видеодағы ер адам.

jandos_samalbekov Instagram-парақшасынан 

Әнші Stories-те бұл жағдайға қатысты пікір білдірген.

"... Бәрі тиіскіш, ...дым демесем де, не алмай жүрген өш ол? Ешкімге көмектесші деп хабарласпайын десең осы ғой, бізге тиісіп абырой жинайтындар көбейіп кетті, неге? 

(...) Біз сахнада жүрміз деп, духын алып тастап тегін тойға шақырып жүреміз деген өтірік крутойлар қанды ішті. Дұрысынан түсіндірейін, жеке келіп тиісіп жатқан жоқ, сондайларға арналған сөзім болсын, арттарында сөйлейтін немесе тұрып беретін ешкімі жоқ демеңдер. Ең бірінші Аллаһ, ол қаламаса ешқайсың ештеңе жасай алмайсыңдар, ал тырысқанымен артымызда ағаларымыз шүкір өте көп, аттарын айтып, жазып қажеті жоқ. Егер қызық болса, сол кезде көрерсіңдер. Сол айтарым, ең бастысы - тыныш өмір сүру, мейірімді болу", - деп жазды әнші Желіде.

Ж. Қадыржанова