Танымал әнші сахнада құлап қалды

Танымал әнші сахнада құлап қалды
Фото: © instagram/valeriya

Ресейлік әнші Валерия НТВ телеарнасындағы жаңа шоудың түсірілімі кезінде сахнада құлап қалды. Оқиғаның видеосын 54 жастағы әртіс Instagram-парақшасында жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Валерияға көмек қажет болмаған, өзі тұрып, түсірілімді жалғастырған.

"Бүгін тайып кетіп, қызмет кезінде құлап қалған патриарх Кириллді қайталағым келді. Шынын айтсақ, мұндай жағдайға алғаш рет тап болып тұрмын, сахнада бірде-бір рет құлап көрген жоқпын. Жаңа бағдарлама түсіріліп жатты. Еден қараңғы, тайғақ болды, баспалдақтың шеттері көрінбей тұрды, біреуін байқамай қалдым. Тіземді көгертіп алдым, бірақ өмір сүруге болады. Келесі жолы мұқият боламын. Алаңдағандарға рақмет", - деді ол.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от VALERIYA (@valeriya)

Сол күні Мәскеу және бүкіл Ресей патриархы Кирилл Новороссийскіде құлап қалған. Патриархтың құлаған сәті ресейлік телеарналардың тікелей эфиріне түсіп қалған.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от ꧁༒☬ᤂℌ໔ℜ؏ৡ☬༒꧂ (@xxcollectiveworldxx)

Патриарх оқиғаны былай түсіндірді: "Бүгін құлап қалғаным ештеңені білдірмейді. Еден жылтыр және тегіс болды. Оған су тамса, қасиетті болса да, физика заңдары іске асады..."

Ж. Қадыржанова