"Массагет.кз" порталы байқау жариялайды

"Массагет.кз" порталы байқау жариялайды

Құрметті "Массагет.кз" порталының қолданушылары! Сіздерге портал әкімшілігі мен "Меломан" дүкендер желісі байқау жариялайтынын хабарлаймыз. Байқау жақында ғана Қазақстан кинотеатрларына жол тартып, премьералық аптаның өзінде 34 831 670 тенге (232 211 АҚШ доллары) жинаған әнші Қайрат Нұртастың "Өкініш" фильміне қатысты болмақ. 

Сонымен, "Өкініш" фильміне қатысты қойылатын порталдың арнайы дайындаған 3 сұрағы және 1 жұмбағымен таныс болыңыздар:

1. "Өкініш" фильмінде Қ.Нұртастың сүйіктісінің рөлін сомдаған бойжеткен кім? (Актриса туралы толық мәлімет келтіріңіз)

2. Қ.Нұртас "Өкініш" фильмінде мүгедек баламен қай қалада кездеседі? (Сюжетті толықтырыңыз).

3. Қазақстанның жеті кереметін атаңыз.

4. Мына бір жұмбақты логикалық ойлау тәсіліне салып, кесте құру арқылы шешіп көріңіздер. 

Жұмбақтың алғы шарты мыналар:

1. Түсі ұқсамайтын бес түрлі үй қатар-қатар орналасқан. 2. Әр үйде бір-біріне ұқсамайтын бес елдің азаматы тұрады. 3. Бұл бес адамның ішетін сусыны, шегетін темекісі, бағатын үй жануарлары әртүрлі. 

Сонымен қоса, мына түйіндер белгілі. Сіз осылардың ішіндегі балық бағатын адамның қай елдің азаматы екенін тауып шығыңыз. 1. Германиялық қызыл үйде тұрады. 2. Швециялық ит бағады. 3. Англиялық шай ішуді ұнатады. 4. Жасыл үй ақ үйдің сол жағына орналасқан. 5. Жасыл үйдің иесі кофе ішуді ұнатады. 6. Pall Mall маркалы темекі шегетін адам құс бағады. 7. Сары үйдің иесі Dunhill маркалы темекі шегеді. 8. Ең ортадағы үйдің иесі сүт ішкенді ұнатады. 9. Даниялық 1-үйде тұрады. 10. Marlboro шегетін адам мысық бағатын адамның көршісі. 11. Ат бағатын адам Dunhill шегетін адамның көршісі. 12. Blue Master шегетін адам сыра ішкенді ұнатады. 13. Франциялық Prince маркалы темекі шегеді. 14. Даниялықтың үйі көк түсті үйдің қасында. 15. Marlboro шегетін адамның көршісі тек қана су ішеді. 

Сұрақ: Балық бағатын адам кім?

Осы сұрақтарға бірінші болып дұрыс жауап берген 5 қолданушыға портал әкімшілігі мен "Меломан" дүкендер желісі дайындаған Қайрат Нұртастың "Шыда жүрек" атты альбомын және әншінің постерін сыйға тартамыз. Сонымен бірге, дұрыс, бірақ сәл кешігіп жауап берген тағы 10 қолданушымызға әншінің постері сыйға беріледі. Байқау аяқталысымен, жеңімпаздардың есімдері қосымша хабарланатын болады. Ескерте кетейік, әр қолданушыдан тек бір ғана жауап қабылданады. Сонымен, сіздердің жауаптарыңызды мына электронды мекенжайдан асыға күтеміз: massaget.kz@gmail.com. Іске сәт, достар!  

Б. Қосмағамбет