Award.kz 2012-де сүйікті сайтыңды қолда!

Award.kz 2012-де сүйікті сайтыңды қолда!

Жаңалықтың жаршысы мен жақсылықтың хабаршысы есепті жыл сайын бір рет өткізіліп тұратын AWARD Ұлттық интернет жүлдесі биыл кімге бұйырмақ?! Дүбірлі сәттің дүйім жұртты күні бұрын елеңдетіп отыратынын ескерсек, қазіргі таңның өзінде жылдың үздік сайты аталуға мүмкіндік алып отырған бірнеше сайттардың аты белгілі. Солардың бірі – Массагет.кз.

Желтоқсан айында тұсауы кесілген жастарған арналған ойын-сауық порталының бүгінгі таңда өз оқырманы мен қөзіқарақты жұртшылығы қалыптасып үлгерген. Саналы жастардың басын қосып отырған жаңа сайт қазақ сайттарының ішінде тұңғыш рет AWARD-тың басты жүлдесіне иелік етуге мүмкіндік алып отыр. Бұрын-соңды қазақ сайттарының қарасы мұншалықты биіктен көрінген емес.

Қазақ интернетінің құлашын жайып, кеңге қанат салуын тілей отырып, Массагет.кз сайтына дауыс берулеріңізді өтінеміз. Мағжан айтып кеткен жастардың сенім мен тілек-күшін бір арнаға тоғыстыру мақсатында шығармашылық ізденісте жүрген ұжымның шығар биігі мен алар асуы сіздердің қолдарыңызда. Ендеше, қазақ тілді интернеттің ертеңгі күнгі болашағын сіздер мен біздер болып қолдармыз деген ойдамыз.

Айта кететін болсақ, AWARD Ұлттық интернет жүлдесі осымен оныншы рет өткізілгелі отыр. Басты мақсаты – қазақ интернетінің жарқын болашағын қалыптастыру. Жыл сайын үздік сайттардың арасында өткізілетін таласта жаңалықтардың сапасы мен сайттың дизайны, интернет-ресурстарының қаншалықты қамтылғандығы жан-жақты қарастырылады. Сонымен қатар төреліктің қатарында интернет әлемінде танылып жүрген білікті мамандар ғана отырады. Олар өздеріне ұнаған сайттарды ақылдаса отырып, тиісті жүлде бойынша марапатқа лайықтайды.

Ең алғаш рет аталған бәсеке 1999 жылы бастау алыпты. Nursat. Компаниясы ұйымдастырған іс-шараның сол кездегі мақсаты ең үздік дизайнерлер мен программистерді анықтау болған екен. Одан кейін араға бірнеше жылдарды салып, барып аталған идеяны Айтека компаниясы қолдау білдіре отырып, «Кітелдің ең үздік сайты» деген атаумен 2000 - 2001 жылы жарыс өткізеді. Ал "авард" деген атау 2002 жылы ғана бірнеше компаниялардың басы қосылып барып үлкен бәсекеге ұласып кете барған. Содан бермен қарай 2007 жылы «AWARD  Ұлттық интернет жүлдесінің» қоғамдық қоры құрылды. Жыл сайын байрақты бәсекені бір рет өткізіп тұру бейкоммерциялық ұйымның еншісінде қала бермек.

Бәйге ережесі, дауыс беру жолдары туралы мына жерден оқып біліңіздер.

сурет: award.kz

Л. Лига