ТОҚТЫЛАР БІЛУІ ТИІС 10 СӨЗ

21 наурыздан бастап эстафетаны Тоқтылар қабылдап алды. Демек, кезекті шығарылым Тоқтылар білуі тиіс 10 ағылшын сөзіне шолу жасаймыз.

Ағылшын тілін үйренуге жұлдыздар шоғыры ықпал етсе...

LET'S GO

1. Courageous [kəˈreɪdʒəs] – батыл

 Олар тума батыл. Жауынгерлік рух тән. Тәуекелге барудан, өзгенің сынынан қорықпайды. Жайлы орыннан да ауысуға дайын. Жоба бастасаңыз, топта бір Тоқты белгісіндегі адам болса, жетекшісі рөлін жақсы алып шығады, топтың тарап кетпеуіне, істі соңына дейін жетуіне сеп болады.

2. Impatient [ɪmˈpeɪʃnt] — сабырсыз

 Кезекке тұруды, әділетсіздікті, өзгенің ақымақтығын, ақталғанды жек көреді. Күте алмайды. "Асықпаған арбамен қоян алады" десеңіз, Тоқтыларға жақпай қаласыз)

3. ACTION [ˈÆKƩN] — ІС-ӘРЕКЕТ

Сөзден іске көшу Тоқтыларға тән. Оларға "Саяхатқа шығайық", "Кәсіп бастайық", "Жаңа дәмді тамақ жасап үйренейік" десеңіз, ол сізге "3 минуттан кейін жолығайық, бастайық" деуі әбден мүмкін.

4. Honest [ˈɑːnɪst] — адал

Тоқты белгісіндегі адамдар бір ізбен жүріп, бір ізбен қайтады. Ащы болса да, шындықты айта салатыны бар. Бұл қасиеті көпке ұнамайды, бірақ көпке берілмеген қасиетті бағалау керек.

5. Leadership [ˈliːdərʃɪp] — көшбасшылық

Күш-жігер, оптимизм, "қошқарлардың басын бір қазанға сыйғыза" алатын қасиеттер көшбасшы және Тоқтылардың бойынан табылады. Бір қызығы, олар жоспары бар адамға қатты ұқсайды, болмаса да) 

6. Competition [ˌkɑːmpəˈtɪʃn] — жарыс


Бұл Тоқтылардың қанында бар. Жарыста топ жаруды жаны сүйеді, жеңісті қалайды. Содан да болар дені спортшы не кәсіпкер атанады. Тоқтыны жеңу ықтималдығы аз "Монополия" не "Алтылық" ойына шақырмаңыз, жеңілу ешкімге де ұнамайтыны рас.

7. Selfish [ˈselfɪʃ] — өзімшіл

Жеңіске барар жолда өзіне кедергі болар дүниелерге мән бермейді, жай ғана жол жиегіне ысырып қояды. Айна алдындағы адам – әлемдегі ең маңызды тұлға. Өзі мен басқа жан таңдауында өзіне дауыс берері анық. Таңбасына "Әркім өзі үшін" деген ұран жазса, таңғалмаңыз.

8. Reckless [ˈrekləs] — аңғал

Жасаған ісіне сырттай баға бере алмау – Тоқтылардың минусы. Түсінікті болу үшін бір күлкілі мысал: бар мүлкін сатып сүйіктісіне миллион раушан алған жігіт – Тоқты. 

9. Anger [ˈæŋɡər] — ашу

Тоқтылар эмоциясын басқара да алмайды. Әсіресе, негативті. Біреуге ашуланса, өзгеге де кесірі тию мүмкін. Сол себепті ашумен күресуді қолға алу керек: йога, медитация немесе жылы ванна қабылдау көмектесе алады.

10. Spontaneity [ˌspɑːntəˈneɪətɪ] — кенеттен

Тоқтылардың бір ерекшелігі кенеттен қызық идеялар айта салады. Ойларына адам ойламайтын ғажайып дүниелер келеді. Ал оны жүзеге асырамын деп шешсе, таңғалмаңыз.