Жапонияда жаңажылдық дастарханға қандай тағамдар әзірленеді?

Жапонияда жаңажылдық дастарханға қандай тағамдар әзірленеді?

Жаңа жылдың алғашқы таңы атқанда жапониялық отбасы түгелімен мерекелік үстелде жиналып, бірін-бірі қарсы алып, Жаңа жылмен құттықтайды. Мерекелік таңғы астың басты тағамы - дзони сорпасы. Оның құрамында ет, балық еті, теңіз өнімдері, тауық еті, саңырауқұлақтар, көкөністер және моти болады. Бірақ, нақты мәзір отбасылық әдеттерге байланысты. Мәзірдің негізінде мисо немесе соя тұздығы қосылған сорпа жатады.

Дзони - жапониялықтар тек Жаңа жылға жейтін тағам. Дзони жайлы 14-ғасырдағы Муромати дәуірінен қалған деректерде жазылған. Сол кезде-ақ, моти қоспасы жапондықтардың әр мерекелік үстелінде болған екен. Қазір де Жапонияда Жаңа жылда дзониді әр отбасы дайындайды. Оны кумицукэ, носи, кадзунок, комба секілді гарнирлермен қосып береді.

Шығыс Жапонияда соя тұздығы қосылған дзони мен төртбұрыш пішінді қуырылған мотиді жесе, батыста дөңгелек пішінді суда пісірілген мотиді дайындайды. Кансай (Киото, Осака) жерлерінде дзониді ақ мисомен жейді.

Эдо дәуірінен бері, гарнирлерді бірнеше қабатпен салып, дзюбако төртбұрыш қорапшаларынды беру әдетке айналған. Бай отбасыларының дастарханы дзюбакода кадзуноко, татаки-гобо, гомамэ секілді тағамдардан құралады.


Гомамэ – кішкентай кептірілген балықтар. Оның үстіне соя, қант және мириннен әзірленген тәтті тұздық құйылады.


Кадзуноко – майшабақ уылдырығы салынған кептірілген қапшықтар. Жапондықтар үшін ол  көктемнің басы және молшылықтың белгісі.

Татаки-гобо жасау үшін үлкен түйежапырақтың тамырын қайнаған суға бір малып ағаш пышағымен ұсақтайды. Оған сірке суында негізінде жасалған тұздықты қосады. Бұл тағам ұзақ өмірдің белгісі деп саналады.

Комбу-макэ кептірілген балықты комбуға орап, тәтті соя тұздығында пісіреді. Бұл тағамның атауы "бақытты болу" мағынасын береді екен.


1800 жылдардың соңына қарай дзюбако құрамына сато-имо, пирикара конняку, тофу, рэнкон но ницукэ сынды құрамдас бөліктер кіре бастады.

Жапония Жаңа жылды қалай қарсы алатынын мына жерден көре аласыздар.

Суреттер orientstyle.ru сайтынан алынды.

Бөлісу:
Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз
Өзгерту

Соңғы жаңалықтар

Ағаш сақинасына қарап климаттық өзгерісті анықтауға болады
Ағаш сақинасына қарап климаттық өзгерісті анықтауға болады
Чемпиондар лигасы: 1/4 финалдың жеребесі тартылды
Чемпиондар лигасы: 1/4 финалдың жеребесі тартылды
"Пандемия кедергі емес". Қазақстандағы Алтайда қалай демалыс өткізуге болады?
"Пандемия кедергі емес". Қазақстандағы Алтайда қалай демалыс өткізуге болады?
Данышпандық — әйелдерге қарағанда ерлерге көбірек тән қасиет
Данышпандық — әйелдерге қарағанда ерлерге көбірек тән қасиет
Дұрыс тамақтану жайлы нақылдар
Дұрыс тамақтану жайлы нақылдар
Жыландар қалай ұшады?
Жыландар қалай ұшады?