Оқи отырыңыз

Талай жан бар аузыменен айды алар, қолымен қосаяқ та соға алмас.

Автор: Мұхтар Әуезов

— Редактор бағаны —

Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!
Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Жұлдызды блогтар —

Тек сол адам...
Тек сол адам...

Автор: Әсел Асанова

Статус: Редактор

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Арнайы жобалар / Жаңа жыл 2012 / Тет - Вьетнам елінің Жаңа жылы

Тет - Вьетнам елінің Жаңа жылы

Тет - Вьетнам елінің Жаңа жылы

Вьетнам елі Жаңа жылды ай күнтізбесі бойынша қарсы алады. Ай күнтізбесі бойынша жаңа маусымның алғашқы күні тойланатын бұл мереке Тет (Тэт) деп аталады. Шығыс күнтізбесі бойынша Жаңа жыл мерекесі жыл сайын ауысып тұрады. Мереке 20 қаңтар мен 20 ақпан аралығында өтеді.

Ай күнтізбесі бойынша тойланатын Жаңа жыл Қытай Жаңа жылы деп жиі айтылады. Себебі, мәдениет пен салт-дәстүр Шығыс Азия елдеріне Қытай елінен келген болатын.

Вьетнам елінің солтүстік аймағында тұратын халық Жаңа жыл қарсаңында үй ішіне бүршік атқан шабдалы бұтағын орнатады немесе үйді мандарин ағашымен безендіреді. Бұл - молшылық пен өркендеудің нышаны. Осы кезеңде гүлдеген шабдалы, өрік, мандарин, миндаль бұтақтарымен көшелерді безендіреді.


Оңтүстік аймақтарда үй ішін гүлдеген өрік бұтағымен безендіреді. Бұтақта кем дегенде бес жапырақ болуы тиіс. Сонымен қатар, төргі бөлмеге қарбыз қояды. Сенім бойынша, қарбыздың қызыл балдыры келер жылдың табысты әрі сәтті болуына ықпал етеді.

Кез келген жанұя әлеуметтік жағдайына қарамастан, Жаңа жыл қарсаңында азық-түліктер, жеміс-жидектер және гүл шоқтарын молынан сатып алады. Өткен ата-баба аруағына бағыштап тәтті тағамдар пісіреді. Дастархан басына туған-туыстар мен өзге де қонақтар жиналады.

Жаңа жыл қарсаңында қала көшелерінде айдаһар биі қойылады. Ең қызықты көріністер түнгі уақытта өткізіледі. Ымырт түскенде саябақ, бау-бақша және қала көшелерінде бірнеше отбасы мүшелері жиналып, от жағады.

Мемлекеттің солтүстік аймағында мерекелік дастарханға бамбук бұтағы қосылған шошқа сирағы, ет іркілдегі, тұздықтағы тұқы балығы сияқты тағамдарды қояды. Оңтүстік аймақ кокос сүтіне қайнатылған құмырадағы шошқа етін әзірлейді. Бұл аймақ сүрленген жасыл бұршақ, ішіне ет салынған ащы қауын, сәбіз бен шалқан тілімдері сияқты тағамдарды дастарханға қояды. Ащы қауын денсаулыққа өте пайдалы, әрі оның қызу басатын қасиеттері бар.


Бань чынг (banh chung) бәліші вьетнамдықтардың тұрақты әзірлейтін тамағы. Жасыл бұршақ, сүрленген пияз, күріш пен шошқа етін араластырып, оны бамбук жапырағына орайды.

Тет – отбасылық мереке. Түнде балалар мен немерелер ата-әже мен әке-шешелерін құттықтап, оларға жақсы тілектер айтады. Содан кейін үлкендер балаларды құттықтап, оларға ақша тарту етеді. Міндетті түрде қолданысқа түспеген тиын не қағаз ақша болуы керек. Бұл тартуды қызыл қапшықтарға салып береді.

Келесі күні Тет-фестивалі өтеді. Вьетнамдықтардың дәстүрі бойынша Жаңа Жыл мерекесі күні келген алғашқы келген қонақ үйге табыс әкеледі. Келген қонақ пен үй иелері бір-біріне ақша тарту етеді. Ірі ақша не доллар сыйлауға болмайды.

Сондай-ақ, Жаңа Жылдың алғашқы күні ерте тұру керек. Таңертең ғибадатханаға барып, бань чынг бәлішінен ауыз тиеді. Келесі күндері вьетнамдықтар бір-бірлерінің үйіне қонаққа барады.

Тет күндері әйелдер қызыл және сары түсті, ал ерлер қауымы қара түсті киім киеді. Халық аз шоғырланған таулы аймақтарда Тет мерекесін тойлау салты өзгеше.

Тет күндері буддалық ғибадатханаларда тақуалар келушілерге қызыл қапшыққа салынған ақша таратады. Мұны сәттілік сыйлайтын "Будданың, құдайдың берген үлкен сыйы" деп санайды. Вьетнам халқында «Будданың кішкентай ғана нұры үлкен жердің нұрымен тең» деген нақыл сөз бар.

Суреттер ғаламтор беттерінен алынған.

1787 0
Рейтинг: +0

Дайындаған: Ғазиза Ұзақ
Қосылған күні: 16 қаңтар 2012, 14:01
Пікірлер

Бұл жазбаға әлі пікір жазылған жоқ. Бірінші болып пікір білдіріңіз.

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо...

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...