Ата-анаға сыйлық

Ата-анаға сыйлық

Жаңа жылды сыйлықсыз елестетуге болмайды. Тосын сый мен тартулардың көбі балаларға келеді. Себебі, Аяз Атаның қапшығының өзі солардың тапсырыстарына толы болады Ал сол балалардың ата-әжесіне, өзіміздің ата-анамызға сыйлық таңдау өте қиын. Үлкен кісілердің көңіл-күйін көтеріп, жағдайын жақсарту үшін не сыйлау қажет?

Кітап- ең жақсы сыйлық

Егер ата-анаңыз қандай кітап оқитынын білсеңіз, сыйлық таңдау қиынға соқпайды. Кітаптың шрифті тым ұсақ болмауын ескеріңіз. Баспаның сапасын тексеру қажет: қағазы шашылмай, баспахана бояуы жағылмауы керек, - бұл аллергиялық реакция тудыруы мүмкін.  


Көркем әдебиеттен басқа, түрлі дамытпалы құрал да керемет сыйлық бола алады (иә, олар тек балалар үшін ғана болмайды екен!) Кәрі адам миы жаттығуды қажет етеді. Сондықтан, жұмбақтар, сөзжұмбақ және судоку жинақтары өте пайдалы болуы мүмкін. Мүмкін, Сіздің ата-анаңыз көптен компьютер қыр-сырын үйренуді армандап жүрген шығар? «Ересек» қолданушылар үшін арнайы оқулық та бар. Салауатты өмір салты, пайдалы тағам туралы анықтама кітаптар да – жақсы тарту. Тек медициналық анықтама сыйлай көрмеңіз! Оларды оқып, ауырып қалуы мүмкін.   

Ересектерге арналған ойындар

Ұрпақтан ұрпаққа өтіп келе жатқан лото мен домино, жаңадан шыққан «монополия» мен «скраббл» үстел ойындары есте сақтау қабілетін жаттықтыру үшін пайдалы. Егер ата-анаңыңыз компьютерлердi қолдана алса, сiзге тіпті жеңіл: сiз қазiргi ойындардың арасында әкеңіз бен анаңыз үшін қызықты «бродилка», «аркада»,  «стратегия» немесе тiптi атып ойнайтын ойындарды оңай таба аласыз. Жасөспiрiмдерге қарағанда, егде ойыншыларға компьютер тәуелдiлігі қауіп төндірмейді, есесіне компьютер ойындарының пайдасы анық: реакцияның жаттығуы, жаңа әсерлер және қандағы сәл ғана адреналин!


О, спорт!

Қалыпты тiршiлiк ету үшiн адамның барлық дене мүшелеріне (соның ішінде миға) оттегі керек. Бiз белсенді қозғалып, спортпен шұғылданғанда, қан оттегіні ағза бойына жақсы таратады. Жүйелi жаттығулардың арқасында жасушаларды оттегімен және басқа қоректендiргiш заттармен қанықтыратын жаңа қан тамырлары пайда болады. Бірқалыпты дене жаттығулары егде адамдар үшiн өте пайдалы. Ата-ананаңызға хауызға абонемент сыйға тартыңыз немесе үй ауданы үлкен болса, үстел пинг-понгын алып беріңіз.

Ғалымдар пинг-понгтың есте сақтау қабілетін жақсартуға көмектесетiнін дәлелдеген. Үстел теннисін ойнау кезінде жүрек-тамыр және тыныс жүйелерi үшiн пайдалы белсендi қозғалыстардан басқа, ми да үнемi жұмыс iстейдi, - ойыншы доптың ұшу бағытын ойша елестетеді, өзінің соғу стратегиясын ойында сақтайды және осы барлық ой бір секундтың мыңыншы бөлігінің ішінде қимылмен үйлестiріледi! Сонымен бiрге, пинг-понг добы өз алдына тамаша тренажер: оның қозғалыстарын қадағалай отырып, адам көз бұлшық еттерi мен тепе-теңдiк аппаратын жаттықтырады.

Егер сiздiң ата-анаңыздың денсаулық жағдайы спортпен шұғылдануға келмесе, жаттығудың қарапайым түрі, жаяу немесе автомобилдiк серуендер керемет балама болады. Оларға жол карта жиынтығын немесе жол сiлтеушiнi сыйға тартыңыз. Қызықты және ұмытылмас орындар, жаңа әсерлер, кiшкентай саяхаттарды жоспарлау, жаңа бағыттарды таңдау - егде адамдардың өздерiн жас және бақытты сезінуіне көмектеседі.

Жалпы, саяхат, орын ауыстыру – жалғыздықтан құтқарартын шара. Ал туристтiк сапар мен қала маңындағы шипажайға не демалыс үйіне жолдама ғажайып және жомарт сый болары анық.

Барлығы үстелге!

Бiз есейген сайын, балалық және жастық шақты үлкен рахатпен еске түсiремiз. Сізден жасы үлкен бауырларыңызға көмектесiңiз: ескi фотосуреттер салынған альбом құрастырыңыз, «отбасылық ағаш» суретiн салып, әдемi қағазға ол әңгiмелеген қызық оқиғаларды жазып - мұның барлығын әдемi «естелік сандықшаға» салып қойыңыз.

Отбасының барлық ұрпағын бiрге жинау да - сый! Жанұя мүшелеріне театр не концертке билет сатып алыңыз. Әлде бәріңіз орманға, кәуәп жасауға табиғатқа шығыңыз. Таза ауа балаларға ғана емес, ата-аналарға, және ата-аналардың ата-аналарына да пайдалы. Жасы үлкен жақындарыңыздың серуен кезінде үстел басында шексіз жұмыс жасауына жол бермеңiз, - одан да олармен қыдырып, әңгімелесіп, шүйіркелесіп алыңыз. Қарым-қатынас қуанышы олар үшiн кез келген сыйдан қымбат.  


Дәстүрлi жаңажылдық сый - дәмдi тағамдарға толы кәрзеңке. Анығында, мұндай сый әрдайым орынды. Себебі, қазiргі күні мерекелiк дастархан жаю өте қымбат. Және де, ас-шай алғанда, егде адамдардың денсаулығына пайдалы өнiмдерге көңiл аударыңыз. Біріншіден, бұл - балық (лосось, тунец), уылдырық және теңіз өнімдері. Олардың құрамындағы май қышқылы (Омега-3) жүйке жасушаларының жұмысын жақсартады. Сонымен бiрге, мерекелiк кәрзеңкеге жақсы келісетін жаңғақтарда да Омега-3 болады.

Көкөнiс, жемiс-жидек кез келген жастағы адамға пайдалы. Егде жастағы  жанұя мүшелеріне жемiс-жидектердiң ащы емесінен таңдаған дұрыс. Пайдалы құрғақ жемiстерді де таңдауыңызға болады: iнжiр, өрiк, алқоры және қақ өрiк - бұл кәмпиттерге мен тәттiлерге жақсы балама.

Тәттiлермен сақ болыңыз: егде адамдарда сусамырдың қаупі жоғары. Қантсыз не глюкоза мөлшері төмендетілген диеталық тағамдарды алыңыз.

Әрине, шырын, кофе, шай да мерекелiк кәрзеңкеңiзді әшекейлейдi. Оларды да аса ұқыпты таңдағаныңыз жөн. Барлық сусындар жоғары сапалы болуы қажет.  

Ата-аналарыңызды қуантудан жалықпаңыз. Жаңа жыл құтты болсын!

Суреттер bid.ru, koldunov.com, foto.meta.ua, antimir.com, romantic-online.com сайттарынан алынған