Жаңа жылды алматылықтар қайда қарсы алады?

Жаңа жылды алматылықтар қайда қарсы алады?

Жаңа жылды әрбір жан қиялы мен қалтасына қарай қарсы алатыны рас. Үй ішінде болғаннан гөрі, жаңа орындарды көріп, саяхаттағанды ұнататындар да жоқ емес. Ендеше Алматының айналасындағы шипажай, демалыс үйлерінде жаңажылдық кешті өткізу туралы ақпараттар қатарын ұсынамыз.

Демалыс үйлері мен шипажайлар

Алматы маңында демалыс орындары, шипажай мен спорт-сауықтыру кешендері өте көп шоғырланған. Мерекеге олардың барлығы дерлік жаңажылдық бағдарлама ұсынады.

Кешке тапсырыс беру бағасы бір адамға орташа 40 мың теңгеден басталады. Бұл сомаға сол жерде тұру, таңғы ас және мерекелік бағдарлама кіреді.  

Ең қолжетімді демалыс орындары Кеңес одағы кезінде салынған. Қазір олар заманауи талаптарға сай жабдықталған және қаладан 40-50 шақырым жерде орналасқан. Ол жерлерде жаңажылдық кеш бір адамға 30-35 мың теңгеге шығады.

Ал мерекені соңғы жылдары салынған және қала тұсында орналасқандарында өткізу үшін 50-60 мың теңгеден шығындалу қажет. Әрине, кісі басына бағасы 100 мың теңгеден басталатын элиталы орындар да жоқ емес.

Айтып өтейік, бірде-бір демалыс орны трансфертпен қамтамасыз етпейді. Сондықтан, көлік туралы өзіңізге қамдануыңызға тура келеді. Көптеген демалыс орнына барар жолдың сапасы нашар, сол себепті, асты биік көлік тапқаныңыз жөн.

Көлсай

Жаңа жылды бұл таңғажайып тау көлінде қарсылауға болады. Жолдама бағасы 30 мың теңгеден жоғары. Демалыс орны қаладан 300 шақырым жерде орналасқан. Жолдың басым бөлігі таулы жермен өтеді, және қыста оны қар басып қалуы мүмкін. Сондықтан, толық жетекті автомобильмен барған дұрыс.  

Қапшағай

Қапшағай су қоймасының жағасындағы кейбір қонақүйлер де жаңажылдық бағдарлама ұсынады. Бір орындық номер бағасы 10 мың теңгеден басталады. Дегенмен, бұл сомаға көлік пен тамақтану кірмейді. 

Ыстық бұлақтар

Аязға қарамастан, Жаңа жылды бассейнде қарсы алуға болады. Алматыдан 250 шақ рым жерде түрлі демалыс орындары салынған ыстық бұлақтар бар. Олар Көлжат аулының маңында, Шонжа қаласының шығысында орналасқан (Шонжаға кіреберістегі айналма жолда Көлжатқа сілтеуіш белгі бар – сол жаққа бұрылыңыз).  

Бір орындық номерлер құны 10 мың теңге. Алайда бұл сомаға тамақтану, ойын-сауқ бағдарлама мен көлік кірмейді.  

Демалыс орындарына өз көлігіңізбен немесе рейсті автобуспен жетуге болады. Жол өте жақсы.


«Алматау» турбазасы

Бұл жерде Сіз үшін жаңажылдық дастархан, қызықты бағдарлама, отшашу ұйымдастырылады. Қосымша қызметтерден сауна, тау шаңғысы, шана және баллонмен сырғанау бар. Белсенді демалысты ұнататындар үшін таптырмас орын. 31 желтоқсан мен 2 қаңтар аралығындағы демалыс бағасы – 30-40 мың теңге.

 

«Табаған» демалыс орны

Алматаудан сәл төменірек «Табаған» демалыс орны орналасқан. Бұл жерлерде қызмет деңгейі жоғары, бағасы да, сәйкесінше, өте қымбат. 31 желтоқсан мен 2 қаңтар аралығында екі орындық коттедж жалдау 91 мың теңге тұрады. Мерекелік бағдарламаға сайыстар, концерт пен отшашу енгізілген. Ал екі орындық коттедж құнына тек таңғы ас пен жаңажылдық кеш дастарханы кіреді. Сондықтан, 1, 2 қаңтар күнгі түскі және кешкі ас үшін қосымша төлеу қажет.

 

«Ақбұлақ» шипажайы

«Ақбұлақ» - Жаңа жылды ашық аспан астында қарсылауды ұсынатын ең қымбат шипажай. Мерекелік дастархан бір ересек адамға 45 мың теңге, балаларға 9 мың теңге тұрады. Стандартты номер бағасы 120 мың, люкс 200 мың теңгеге бағаланады. Сонымен, «Ақбұлақта» Жаңа жылды қарсы алу кем дегенде 165 мың теңгеге шығады.  


«4 Сезона» талуы қонақ үйі

Отель қорық аумағында, Іле Алатауында орналасқан. Сондықтан, керемет демалыс пен сауықтыруды біріктіре отырып, отбасылық кештерді ұйымдастыратын орын. Бағасы 53 мыңнана 83 мың теңге аралығында. Бұл сомаға үш күн, екі түн тұру, таңғы ас, мерекелік дастархан мен шоу-бағдарлама кіреді.  

 

«Park Resort» Сегізкөлдегі қонақүй

Қонақүй 2011 жылдың 31 желтоқсанынан 2012 жылдың 14 қаңтар аралығында жаңажылдық бағдарлама ұсынады. Жолдама 70 000 теңге тұрады. Оған:

-                   Екі ересек адам мен екі кішкентай балаға қонақүйде тұру (қонақ саны азайғаннан, баға өзгермейді);

-                   Қысқы мейрамханада күніне үш рет тамақтану;

-                   Мейрамхана мен сыртта ұйымдастырылатын ойын-сауық бағдарламасы (жаппай серуендеу, мұз айдынындағы би кештері, балалар мен ересектерге арналған бағдарлама).

Келу уақыты 14:00, шығатын уақыт 18:00.

«Көктем» шипажайы

Жаңажылдық кеште бұл жерде маска киілетін сауық кеші ұйымдастырылады. Мереке күндерімен сәйкес келетін кезеңде онкүндік емделу курсы 58-85 мың теңге тұрады.

 

Енді Алматы қаласындағы танымал орындарының жаңажылдық кеш ұсыныстарына тоқталайық:


«Грильяжда» 86 орындық залды жалға алу үшін 1,5 миллион теңге төлеу қажет. Бір адамға жаңажылдық мәзір кем дегенде 15 мың теңгеге шығады. «Барбарис» мейрамханасында мерекелік кеш 30 мың теңгеден.

 

10 мың теңгеге «Чукотка» барында жаңажылдық дастархан жаюға болады. Алдын ала тапсырыс бергендер үшін бұл кеште кіру билеті 3000 теңге тұрады. Ал қалғандарына - 5 мың теңге.    


Тақырыптық кештерді ұнататындарға «Пионерская правда» ретроклубы жақсы ұсыныс жасайды. Бұл жерде жапондық стильде бағдарлама құрылады. Кіру билеті 3000 теңге, ал үстел құны онда жиналатын адамдар санына байланысты. Екі-үш адамға 15 мың теңгеге үстел алуға болады. Алты адам 25 мыңға, 10-12 адамнан тұратын топқа 60 мың теңгеге дастархан жаюға болады.   

Суреттер ғаламтордан алынды