Оқи отырыңыз

Өзі білмесе де елге ақыл айту – қазақтың қасиетті өнері.

Автор: Оралхан Бөкей

— Редактор бағаны —

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Арнайы жобалар / Жаңа жыл 2012 / Жаңажылдық ойындар (Жалғасы)

Жаңажылдық ойындар (Жалғасы)

Жаңажылдық ойындар (Жалғасы)

Басы мында

«Бетперде, мен сені тауып аламын»
Жүргізуші ойыншыға көрсетпей, белгілі бір сурет салынған бетперде кигізеді. Ойыншы бетперде туралы түрлі сұрақтар қойып, көмекші жауаптар алады. "Бұл жануар ма? - Жоқ. - Адам ба? -Жоқ. - Құс? - Иә. - Үй құсы ма? - Иә. - Бұл тауық!" Қандай бетперде кигізілгенін тапқан адамға сол бетперде сыйлыққа беріледі.  



Өлеңдер сайысы

Жаңажылдық тілектің ұйқастары жазылған қағаздарды алдын ала дайындап қою керек. Кештің басында барлық қонақтарға оларды таратып беріңіз. Мысалы: Аяз ата – аққала, қар -қаңтар, қыс- Қарша қыз т.б. Сайыс қорытындысы үстел басында немесе сыйлықтар таратқанда шығарылады.  

«Жұмаршақ қар»
Аяз Ата қапшығынан сыйлықтарды жеңіп алуды былай ұйымдастыруға болады. Үлкен-кішісі бірігіп, мақтадан не ақ матадан арнайы дайындалған «жұмаршақ қарды» айналдыра бір-біріне береді. «Жұмаршақты» әрбір қонаққа берген сайын, Аяз Ата былай деп, өлеңдетеді:

«Жұмаршақ қар жасаймыз,

Беске дейін санаймыз,

Бір, екі, үш, төрт, бес

Сен өлең айтып берші», немесе,

«Ал сен жұмбақты шеш», әлде

«Би билеп көрші» т.б.   

Сыйлық ұтып алған адам ойыннан босатылады, ал сайыс әрі қарай жалғасады.


«Аяз Атаға хат»
Балалар 13 сын есім айтуы қажет: «Семіз», «қызыл», «салқын», «таза», тб. Барлық сын есімдер жазылғасын, жүргізуші хат мәтінін алып, жетіспейтін сын есімдерді тізімнен қосады. Мәтін: «...Аяз Ата! Барлық ... балалар сенің ... келуіңді күтіп жүр. Жаңа жыл - ең ... мереке. Біз саған ... өлеңдер айтып, ... би билейміз. ... жаңа жылды асыға күттік. ... сабақ туралы айтқым келмей тұрғаны.  Келер жылы тек ... баға алуға ант беремін. Сондықтан, тезірек өз... қапшығыңды ашып, бізге ... сыйлығыңды тарат. Құрметпен, ... балалар мен ...қыздар!»



«Кішкене шармен би»
Әрбір жұпқа бір шардан беріледі. Олар шарды орталарына салып, денелерімен қысып билейді. Және шарды қолмен ұстауға болмайды. Бұл сайыс үшін түрлі стиль мен ырғақтағы әндердің үзінділерін қолданған қызықты болады. Баяу әуендерден бастаған дұрыс, қатысушыларға бұл оңай көрінеді. Бірақ, ең қызығы әлі алда: рок-н-ролл, ламбада, ұлттық билер. Осылар нағыз сын болмақ.


«Бет-аузын тыржиту»
Аяз Ата сайысқа қатысушылардың мұрнына бос шырпы қорабын кигізеді. Ойыншылар қолдарымен тимей, тек бет-аузын қимылдатып, қорапты шешу керек.  

«Түсқағаздан бұлақ»
Жерге түсқағаздан төсеніш төселеді. Бұл  - «бұлақ». Ойыншы қыз аяғын «сулап алмай», бұлақты талтайып өту керек. Бір өтіп шыққасын, екінші рет көзін байлап өту ұсынылады. Келесі ойыншылар ойын барысын көрмеуі тиіс! Көзін байлап өткеннен кейін, жүргізуші білдіртпей түсқағазға ер адамды шалқасынан жатқызады. Әйел көзіндегіні шешіп, ер адамды көреді. Бөлмеге ойын барысын білмейтін келесі ойыншы қыз шақырылады. Сосын үшіншісі, төртіншісі...     

«Аяз атадан сыйлық»

Екі қатысушы бір-біріне қарсы тұрады. Олардың ортасына отырғыш, ал оның  үстіне сыйлық қойылады. Аяз ата: «бір, екі, үш, он бес, төрт, алты...», - деп, кездейсоқ сандарды атайды. Аяз Ата «үш» деген санды айтқанда, сыйлықты кім бірінші алса, сол жеңеді.

«Аяз атаның сиқырлы қабы»

Барлық қатысушылар шеңбер құрып тұрады. Аяз ата ортасында болады. Қолындағы қапшығының ішінде, не барын ешкімге айтпауы шарт. Ал оның ішінде түрлі киімдер: іш киім, шұлық т.б. болуы керек. Бастысы, барлық киімдер күлкілі және үлкен өлшемді болуы тиіс. Музыка қосылып, бәрі шеңбермен айнала жүре бастайды. Аяз Ата өз қапшығын ойыншылардың біріне ұстатады. Ал ол ойыншы қапты басқа біреуге беріп, тезірек құтылу керек. Музыка тоқтатылғанда, қап кімде қалса, сол жазаланады. Яғни, Аяз ата қапшығын ашады да, жеңілген ойыншы көзін жұмып тұрып, қолына түскен затты алып шығады. Сосын бәрінің көзінше, киімінің үстінен сол затты өзі киеді. Әрі қарай осы киімімен билейді. Ойын әрі қарай жалғасады.  

"Ақшақарға жылы сөз"
Аяз ата сайысқа қатысуға ер адамдарды шақырады. Ол әр ойыншының кірпігіне шырпы орналастырады. Ал қатысушы Ақшақарды мақтап, жылы сөздер айтуы керек. Кім кірпігінен шырпы түскенше, ең көп комплимент айтса, сол жеңіске жетеді. 



«Бокалдармен сайыс»
Қонақтар шырынға толы бокалдың белінен тістеп, мерекелік дастарханды жылдамдыққа айналып жүгіреді. Бокалдың белі неғұрлым ұзын болғаны жақсы. Ыдыстың ішіндегісін төкпей, үстелді бірінші болып айналып өткен қонақ жеңеді.

«Айналдыру»
3 қыздың беліне ұзын лента оралады. Ойыншы жігіттер серіктес қызының беліндегі лентаны өзіне айналдырып орау керек. Кім тез және ұқыпты орап бітірсе, сол жеңеді.   

Бір колода карта (54 даналы), ойыншылар және ішімдіктердің көп түрі.

Жүргізуші ойыншылардың көңілін көтеріп отырса, ойын қызығырақ өтеді.

Сонымен, карта үлестіріле бастайды (жүргізуші оны аса шеберлікпен, асықпай, өзінің іс-әрекетімен ойыншылардың жүйкесін тоздырып, әртүрлі қалжыңдармен тиісіп отырады) ойыншылардың біреуіне тұз түскенге дейін. Тұз түскен адам коктейлдің құрамына тапсырыс жасайды (мысалы: қымыз, шұбат, шырын, сарыағаш, айран, лимон, шарап т.с.). Жүргізуші мұның бәрін есінде сақтайды. Әрі қарай екінші тұз түскенге дейін карта үлестіріледі. Екінші тұз түскен адам коктейлдің көлеміне тапсырыс береді (100 грамнан 0,5 литрге дейін). Жүргізуші есінде сақтайды. Карта әрі қарай үшінші тұз түскенге дейін үлестіріледі. Ол ойыншы коктейлдің ақшасын төлейді, не өзі оны араластырады, және де коктейлге қосылатын ішімдіктердің қосылу мөлшері де өз еркінде. Карта үлестіріле береді. Төртінші тұз түскен адам осы коктейлді ішуі тиіс.

Суреттер zhenskiyblog.ru, artleo.com сайттарынан алынған

1290 0
Рейтинг: +1

Қосылған күні: 29 желтоқсан 2011, 09:00
Пікірлер
+0
03 қаңтар 2012, 01:15

Меніңше бұл ойындарды күнделікті де ойнай беруге болады ) Әсіресе сөз жасырып, кейін сол сөз кездесетін ән, өлең айту. Өте қызық )

+0
03 қаңтар 2012, 12:43

Отырыстардың көркін келтіретін осындай ойындар ғой. Рахмет, Массагет!

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо...

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...