2012 жылға арналған жұлдыз-жорамал: Бикеш

2012 жылға арналған жұлдыз-жорамал: Бикеш

Бикештер — еңбекқор жандар. 2012 жыл сіз үшін табыс жылы болмақ. Қажеттіліктеріңіз — қолжетімді, еңбегіңіз — жемісті. Жеңіс туы бұл жылы да тынбай еңбектенуіңіздің арқасында желбірейді. Сізге керегі — сабырлық қана.  

 Қыс

Демалыс сапары — қыстың басына келіп тұр. Бірақ бұл сапардан кейін білек сыбана қызмет етуге кірісесіз. Іскерлігіңіз басшылардың таңданысын тудырып, кемшіліктеріңізді ұмыттырады. Жылдың соңына қарай  әріптестеріңіз бен отбасындағы жақындарыңыздың құрметіне бөленесіз.

 Көктем

Қызмет пен іс-сапарлардың қолыңыз бос болған сәттерде жылжымайтын мүлік, мұрагерлік мәселелерін шешетін боласыз. Сәуір айында белгілі салада шешім қабылдау керек болса, сол саланың маманымен ақылдасқаныңыз дұрыс болады.

 Жаз

Махаббат пен тәтті сезімнің құшағында кетесіз. Бұл жұмыстан шаршағаныңызды ұмыттырып, қосымша күш сыйлайды. Жаз мезгілінде келетін шабыт пен белсенділік өмірге құлшынысыңызды да арттырады.

 Күз

Күз айларында қызметке ерекше ден қоясыз. Мансап жолында өсу байқалады. Ілгерілеушілікке марқайып, білімді жетілдіруді ұмытып кетпеңіз. Білім алуға уақытты кез келген уақытта табуға болады. Бұған күз айлары қолайлы болмақ.

 Әйелдерге

Ол өзінің бұрын-соңды ел байқамай жүрген талантын көрсете алады. Жаңа қырларынан танылған бикештер айдаһар жылында қызметте биіктен көрініп, отбасында сүйіспеншілікке бөленеді.

 Қаңтар айында айналысқыңыз келетін іс, не болмаса өзгеріс енгізгіңіз келетін жайттар  анық болады.  Бұл өміріңізді жақсы жаққа өзгерте алады. Бейіміңіз бен қабілетіңіз шыңдала түсіп, қызметте табыстарға жетесіз. Шілде айында шығындарыңызды азайтқаныңыз жөн. Қаржы дағдарысы сезіледі. Бірақ, мойымаңыз. Бұл уақытша ғана. Тамыз айында көмек қолын ұсынатын жандар табылып, қаржы мәселесі шешіледі. Жаз айлары демалыстың орнына біраз істерді дайындап тұр. Олардан келетін пайда болмаса, зиян жоқ. Демалысқа асықпаңыз.

 24 тамыз бен 2 қыркүйек аралығында туылғандар

Сізді жылдың бірінші жартысында жоспарда жоқ демалыс күтіп тұр. Алыс жерге сапар шегіп, күш жиғаннан кейін қызметте үлкен істерді қолға аласыз. Көктем мезгілінің соңы романтикалық көңіл-күй сыйлайды. Махаббат ыстық сезілгенімен, қызметтегі кейбір мәселелер көңіліңізге қаяу түсіруі мүмкін.

  3 қыркүйек пен 12 қыркүйек аралығында туылғандар

Шыдамдылық сіздің құтқарушыңыз болмақ.  Әсіресе, наурыз бен сәуір айларында жеке басыңызға тән мәселелерді шешуде, төзіміңіз аса қажет. Ашу аздыратынын білгеніңіз дұрыс. Мамыр айында қызметтестеріңізбен қарым қатынасыңыз жақсара түспек. Олардың арасында сізге көз салып жүргендердің бар екенін де білесіз. Тамыз айында қосымша табыс тауып, бір қуанасыз. Бауырларыңызға мейірімді болуға тырысыңыз.

13 қыркүйек пен 22 қыркүйек аралығында туылғандар

Қаражат жұмсамас бұрын, жоспар құрып алғаныңыз жөн. Бұл артық шығынның алдын алады. Көрсеқызығар болмаңыз. Тым сенгіштігіңіз де қауіп төндіреді. Жұмыссыз бикештер қаңтар, мамыр және шілде айларында қызмет іздеуге кіріскендері дұрыс. Жылдың соңғы айлары алыс жолға шығуға қолайсыз.

 Ер адамдарға

Отбасында өзіңізді жайлы сезінетін боласыз. Басқа жылдармен салыстырғанда, жыл оң өзгерістерімен қуантайын деп тұр. Өз күшіңізге сенімді болыңыз.

Қаңтар айының соңына қарай, қырсық мінезіңіз жұмыста зардаптарын тигізуі мүмкін. Өзіңізді сабырлы болуға шақырыңыз.  Әрекеттеріңіз жоспарлы түрде жасалынса, табыс көзі көрінеді. Отбасында керісінше, жылулықты сезінесіз. Жылдың әзірлеп тұрған ұсақ-түйек қуанышты сәттері көп-ақ. Басы бос ер азаматтар үшін жаз айлары күтпеген танысуларды уәде етеді. Жалпы айдаһар жылы бикеш еркектер үшін жайлы болмақ.

24 тамыз бен 2 қыркүйек аралығында туылғандар үшін

Көктемге дейін қысқы ұйқыдан ояна алмай, дел-сал күйде жүресіз. Бірақ, көктем басталысымен,  қыруар  шаруа сізді бір орында отырғызбайды. Белсенді екеніңізді көрсеткеніңіз дұрыс. Қызмет бабымен жаз айларында жағымды ұсыныс түсуі мүмкін, алайда, оның шешімі тек қазан айында ғана белгілі болады. Жылдың соңында үлкен жеңістің туын желбіреткелі тұрсыз.

3 қыркүйек пен 12 қыркүйек аралығында туылғандар

Ақпан мен наурыз айларында сіздің пікіріңіз қызметте үлкен мәселені шешуге көмектеседі. Сондықтан, әр сөзіңізді ойланып барып жеткізгеніңіз дұрыс. Шілде айында қызметтегі дәрежеңіз көтеріледі. Жаңа мүмкіндіктерді қалт жібермеуге тырысыңыз. Жайбасарлықпен күресуге тура келеді.

13 қыркүйек пен 22 қыркүйек аралығында туылғандар үшін

Ұзақ жоспарланып, бірақ жүзеге аспай жүрген мақсаттарыңыз орындалады. Көлік алуды ойлап жүрген бикештердің армандары орындалады.  Туыстарыңызбен сыйластық үзілмесін. Олардың қолдаулары мен көмектері арқасында табысқа кенелесіз.

 Жалпы болжам: өмірді сүю керек

Өз эмоцияларыңызды бақылауға алыңыз. Айналаңыздағы жандардың көңіліне қарап әрекет етуге дағдыланыңыз. Бикештер ақшаның қадірін біле бермейді. Қаржы тапшылығын алдын алу үшін, үнемдей білгеніңіз абзал.

 Махаббат

Сезім сыңғыры

Плутон мен Уран ғаламшарлары жеке өміріңізді 180 градусқа бұрып жіберуге ықпал ете алады. Бұған себеп — сүйіктіңізге деген махаббаттың күшеюі. Бұрын-соңды болмаған сиқырлы сезім нағыз ғашықтар дастанын еске түсіреді. Шектен тыс қызғаншақ болмаңыз. Бұл сүйіктіңізбен арада мәнсіз ұрыстарды тудырады.  Еріңізге тәуелді болу — намысыңызға еш нұқсанын келтіре алмайды. Сондықтан, оның әр пікіріне мән беріп,  тыңдай біліңіз. Жыл бойына бірнеше рет айырылсуға себептер болғанымен, берік махаббаттарыңыз жеңеді. Жылдың соңғы айларында сүйіктіңізбен бірге сауық-сайран құруға уақыт мол болады. Бұл қарым-қатынастарыңызды одан сайын күшейте түспек. Басы бос бикештердің серілерін жолықтыру сәті сәуір мен мамыр айларына тура келеді. Сырт келбетіңізге мән беріп, сұлу болып көрінудің жолдарын қарастырыңыз. Бұл ескерусіз қалмайды.

 Отбасы

Талассыз бедел

Отағасының қызметтегі беделінің  өсуіне орай, отбасында сіздің беделіңіз өседі. Бұған дейін күйеуіңіз шешкен кейбір мәселелерді, енді сіз шешетін боласыз. Үй шаруасындағы ханымдарға артылатын жүк ауырлана түспек. Қаңтар мен ақпан айларында үйді күрделі жөндеуден өткізуге қаражат та, мүмкіндік те болады. Тек сіз жалқаулық танытпаңыз. Тіпті ұсақ-түйек тірліктеріңіз үшін  отбасы мүшелерінің зор қошеметіне ие боласыз. Маусым айында жанұя мүшелерінің басын қосып, көрікті мекендерге барып демалыңыз. Өз төркіндеріңізді де естен шығармаңыз. Қыстыгүні бала денсаулығына бей-жай қарамағаныңыз дұрыс.

Достық

Таңдау сізде

Уақыт тапшылығынан жылдың бірінші жартысында достарыңызбен хабарласып, көрісу өте сирек болмақ. Кейбір бикештер тіптен достарымен жүздесуді доғарады. Қызмет барысында танысқан әріптестеріңіз жақын достарыңызға айналып кетуі әбден мүмкін. Дегенмен, ескі достарыңызды  ұмыт қалдырмаңыз. Достарыңыздың ортасында әркез өзіңізді сыйлы сезінесіз. Ақпан айынан наурыз айына дейін, белгілі себептерге байланысты өзіңізді тым жоғары қоясыз. Бұл кезде достарыңыздың тарапынан айтылған сын пікірлерге мән беріңізКүз айларының ортасына таман ұйымдастырушылық қабілетіңізді пайдаланып, достарыңызбен көңілді кездесу кештерін өткізіңіз. Бұл әрекетіңіз елеусіз қалмайды.

 Денсаулық

Сабыр түбі — сары алтын

Денсаулығыңыз жыл бойы әуреге салмайды. Ара-тұра  психологиялық, физикалық ауыртпалықтар болып тұрады. Оларды оңайлықпен көтере аласыз. Қаңтар мен наурыз айлары аралығында сынықтан сақ болыңыз. Шілде мен тамыз айларында бойыңызға ерекше қуат бітеді. Осы кезеңдер тауға барып серуендеуге, жаяу жүруді көбейтуге қолайлы болмақ. Қуатыңыз бен жаз мезгілінің шуақты күндерін қалт жібермеуге тырысыңыз. Қазан айында тамақтану режиміңізге назар аударыңыз. Көрінген жерден ас ішу — қауіпті. Ойын-күлкіге әуестігіңіз денсаулығыңызға пайдалы.

 Қызмет пен қаражат

Мүмкіндікті жіберіп алмаңыз!

Жылдың бірінші жартысында қызметіңізде сәтсіздіктер тосып тұр. Серіктестермен жұмыс мәселесінде бірнеше кикілжіңдерге тап болуыңыз мүмкін. Дегенмен, қызметте бұндай шиеленістердің болып тұруы заңдылық. Наурыз айының екінші жартысы мен шілде айының соңында жұмысбасты бикештерді маңызды келіссөздер күтіп тұр. Жоқ жерден күмән тудыруды әдетке айналдырмаңыз. Керісінше, мүмкіндіктерді пайдаланып, жарқын болашағыңыздың іргесін өзіңіз қалаңыз. Айдаһар жылының екінші жартысы  қолға алған әрбір бастамаңызға табыс береді. Қаржыны үнемдей біліңіз. Жаз мезгіліне қарай жалақаңыз өседі немесе табысы мол жұмысқа ауысасыз. Жылдың соңы біліміңізді шыңдау үшін қолайлы. Кітапханада өткізген уақытыңыз үшін өзіңізге рақмет айтасыз. Сондықтан, оқу мен еңбек етуден шаршамаңыз.

А. Байжан