Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Экс-бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Арнайы жобалар / Жаңа жыл 2012 / Мерекелік әндер-2

Мерекелік әндер-2

Мерекелік әндер-2

Басы мында 

Ағажан

Бәйтеректей саялы, алақаның аялы,

Маңдайымнан сыйпаған менің,

Қамқор аға әкедей, еркелеткен мәпелей,

Тілегіңнен сый табам сенің.

Қарлығаштай қанатың талмай тынбай қағатын,

Жасымаған көзіңе сенем.

Жетеледің, жеткіздің, қарызымыз көп біздің,

Асыл аға өзіңе деген.


Қайырмасы:

Құтты болсын ағажан қуанышың,

Азамат боп ержетті-ау жұбанышың.

Өмірінің шырағын сөндірмесін,

Көніліңнің жалғасын ұлы ағысың.

 

Бізді ойлап жүргенде байқатпастан бір демде,

Ержетіпті -ау ұл-қызың бүгін.

Кір шалмаған арыңмен, жаздай сұлу, жарыңмен,

Жана берсін жұлдызың бүгін.

Бұл тойыңды аңсап ек, қызмет қып жан салып,

Еріп келем ізіңнен сенің.

Тойың тойға ұлассын, бақ даулетің гүл ашып,

Нұр таймасын жүзіңнен сенің.

***

 Ақ сәулем

Өмір-өмір, өмір деген қатал-ақ,

Өмірге адам келмейді ғой қайтадан.

Қиын екен, қиын екен сонда да,

Өмірдегі ең алғашқы махаббат.

 

Қайырмасы:

Аяй-ай-ай, ақ сәулем,

Мен де сенің жақсы әнің болайын.

Ақ сәулем,

Мен де сенің жақсы әнің болайын.

 

Ақ қайыңды қыз құшақтап жылайды,

Жылайды да көздің жасын бұлайды.

Он сегізге жаңа толған жас ару,

Енді кімнен өз бақытын сұрайды.

 

Қайырмасы:

Аяй-ай-ай, ақ сәулем,

Мен де сенің жақсы әнің болайын.

Ақ сәулем,

Мен де сенің жақсы әнің болайын.

***

Анашым

Шет жүрсем – сағынарым,

Жабықсам – шағынарым.

Анашым бір өзіңсің – табынарым.

 

Қайырмасы:

Анашым шалқып күлсең,

Алдымда ұзақ жүрсең,

Жүрегім жыр толғайды.

Көңілім ортаймайды.

Анасы бар адамдар,

Ешқашан қартаймайды.

 

Ұшырған сұңқарыңмын,

Қияға шырқарыңмын.

Бәйгеге өзің қосқан – тұлпарыңмын.

 

Қайырмасы.

 

Қорғаным – өзің деймін,

Жан дауа – сөзің деймін.

Анашым сені ойласам – көз ілмеймін.

***

Армандастар

Бір дәуірдің түлеп ұшқан жастары едік,

Бір дәуірдің мөлдіреген аспаны едік.

Бәріміз де жазылмаған дастан едік,

Армандастар – құрдастар.

 

Қайырмасы:

Бір дәуірдің мөлдіреген аспаны едік,

Бәріміз бір өмір жолын бастап едік.

Армандастар қайда?

Абзал достар қайда?

Замандастар, қарлығаштар қайда екен?

 

Арман қуған, қиял қуған кезің қайда?

Құрбы қыздар, мөлдіреген көзің қайда?

Сол алғашқы алаулаған сезім қайда?

Армандастар – құрдастар.

 

Қайырмасы.

 

Бәрің достар, әр тарапқа кеттіңдер ме?

Әлде, биік асулардан өттіңдер ме?

Әлде, игі армандарға жеттіңдер ме?

Қайдасыңдар, құрдастар?

 

Қайырмасы.

***

Аппақ қар

Аппақ, аппақ қар

Жер бетінде суық ызғарлы.

Жұлдызға қарап,

Көріп тұрған сонау шыңдағы.

Аяңдап келем,

Қасымда сен ақырын басып.

Жүрек соғады,

Саған деген көңілім тасып.

 

Қайырмасы:

Тыңдашы ән салайын мен,

Саған арнап кеш батқан кезде.

Жас тамшылайды,

Көздерімнен сен оны сезбе.

 

Аппақ қар еріп,

Көктем келді шуағын жайып.

Кетіп барасың,

Барасың сен үнсіз мұңайып.

Оралшы қайта,

Оралшы қайта сен өзіме.

Ұзақ қарашы,

Баяғыдай менің көзіме.

***

Ақша қар

с. Ж.Смақов

Балалар әні

 

Айнала аппақ ақша қар,

Ауыл-аймақ оранған.

Біз емес желден жасқанар,

Қорықпаймыз бораннан.

 

Боран күні бәріміз,

Мал қораға барамыз.

Бұзауханым тоңбайды,

Жылы, жайлы қорамыз.

Бұзауханым тоңбайды,

Жылы, жайлы қорамыз.

 

Көк балауса шөптері,

Алдына жемін қоямыз.

Әукешім сүтті көп беріп,

Балқаймаққа тоямыз.

Сурет lilyth.ru сайтынан алынған

3
Рейтинг: +0

Қосылған күні: 29 желтоқсан 2011, 09:00

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.