Жаңажылдық ас мәзірі

Жаңажылдық ас мәзірі

 

Ыстық тағамға:

Ыстық тағам міндетті түрде беріледі, сондықтан ол ас мәзіріндегі алғашқы ас. Әрі оны бірінші берген дұрыс. Жаңа жылға әдеттегіден тыс, ерекше тағамды әзірлейді. Оған біздің ұсынарымыз — “Французша дайындалған ет”.

 Французша дайындалған ет

             Бұл тағам “французша” деген атауға ие болғанымен, нағыз қазақ жейтін тағамдармен пара-пар.  Себебі, тағам еттен дайындалады. Француз әдісімен дайындалатын тағамның бұл түрі — бүгінгі таңда, біздің елде өте танымал, тез дайындалатын сүйікті ас. Жаңажылдық ас мәзіріңізге бұл тағамды әзірлеуіңізге болады.

 

Дәмтатымға:

Дәмтатым — жаңажылдық дастарханның негізгі тағамы. Олар неғұрлым көп болса, соғұрлым дастархан мол болады.

Қазы-қарта

           Олардың алғашқысы — пісірілген еттер ассортиі екені белгілі. Құрамына: қазы-қарта, жал-жая, шұжық кіреді. Қазы-қарта ассортиін қызанақ, қияр, зәйтүндер мен салат жапырақтарымен сәндеуге болады.


         

 

                  Дәмтатымға “балық салынған жұмыртқаларды” әзірлеуге болады. Жыл иесінің болмысына сәйкес, оның құрамында балық бар. Естеріңізде болса, бұл жылды қарсы алу дастарханында міндетті түрде балық тағамы болу керек.

 

 

 

Салаттар:

Салат — кез келген дастарқанның ажырамас бөлшегі. Оның ішінде жаңажылдық дастарқанға салаттың бір емес, бірнеше түрлерін әзірлеу маңызды.

Оливье салаты

       Салаттардың алғашқысы — “Оливье” салаты. Жаңа жыл мерекесін бұл салатсыз елестету мүмкін емес. Дайындалу жолы мына жерде.

  

 

 

Винегрет салаты

           Винегрет салатының қызыл түсі мен, тіл үйірер дәмі дастарханды әдемі ашады. Көптеген сауалдар нәтижесінде, ханымдар жаңа жыл дастарханына міндетті түрде бұл салатты әзірлейтіндерін айтқан. Сіз де қапы қалмай, жаңажылдық ас мәзіріне бұл салатты кіргізіңіз.

 

 

Ет, қызанақ және жұмыртқа қосылған салат

Келесі салаттың да өзгеше дәмі бар. Құрамына енген бөдене жұмыртқалары мен черри қызанақтары салатты ерекшелендіре түседі. Салаттың мәзірі мына жерде.

 

 

 

 

Тәттіге:

Маффины мен бал торты

                                     

         Дастарханға қойылатын тәттілер балалар мен шайды сүйсініп ішетін кісілер үшін дайындалады. Үй жағдайында пісірілетін торттар мен бәліштердің дүкендегі тәттілерден әлдеқайда дәмдірек болатынын екенін есте ұстай отырып, біз ұсынған маффины мен бал тортын әзірлеп көріңіз.

Десертке:

Тропикалық жемістер салаты

      Бүгінгі өркениетті қоғамда десерт ас мәзірінің маңызды бөлшегі болып саналады. Әсіресе, балалар астың соңынан берілетін десертті қатты күтеді. Сондықтан, жаңа жылға десертті міндетті түрде дайындаңыз. Біздің ұсынарымыз — тропикалық жемістер салаты. 

 

 

 

                                                                                                                                                                                                        Алғашқы жаңажылдық ас мәзірінің реті осындай. Дастарханды безендіруді де назардан тыс қалдырмаңыз.  

Жаңа жылды көңілді қарсы алу өзіңіздің қолыңызда екенін ұмытпаңыз.

А. Байжан