Шыршаны қай жерге құрамын?

Шыршаны қай жерге құрамын?

Жаңа жыл қарсаңында жасыл шырша әр үйдің төрінде пайда болады. Келер жыл табысты болуы үшін оны үйдің қай жеріне қойған дұрыс?

Жаңа жыл мерекесімен байланысты наным-сенімдер жеткілікті. Жаңа жылды жаңа киімде қарсы алу керек, сағат 00.00-де міндетті түрде арманыңды іштей тілеу керек деседі. Оған қоса үйіңізде шыршаға тиісті орын тапсаңыз, келер жылыңыз да сәтті оқиғаларға толы болады-мыс.

Сонымен, шыршаңызға лайықты орын табуда бірнеше кеңес:

Жалпы, шыршаны бөлменің ортасына орналастырған дұрыс. Бөлменің дәл ортасында тұрған шырша жаңажылдық көңіл-күй мен оң энергияны үйдің барлық бұрыштарына жая алады. Ыңғайсыз болған жағдайда, шыршаны бөлменің бұрыштарының біріне қойыңыз:

Келер жылы отбасында жаңа мүше пайда болғанын қалайтындар шыршаны пәтердің батыс бөліміне қойсын. Шыршаны түрлі тәттілермен, балаларға арналған ойыншықтармен безендіріңіз.

2014 жылда оқуға түсуді, өз ісін бастауды, қызметті ауыстыруды көздегендер шыршаны солтүстік-шығыс бұрышқа қойғаны жөн. Шыршаны алтын, күміс түсті ойыншықтармен, тиындармен безендіріп, астына ақша салып қоюға да болады.

Пәтердің солтүстік-батыс аймағын шыршамен сәндесеңіз, келер жылы саяхаттаудың сәті түсіп қалар.

Келесі жылда сүйіктісін кезіктіріп не ғашығымен қарым-қатынасын жақсартқысы келіп жүргендер шыршасын оңтүстік-батысқа қою керек. Сіз шыршаңызға жүрек пішінді қызыл ойыншықтарды ілгеніңіз жөн.

Айта кетсек, шыршаның тірі не жасанды болуы келер жылдың сәттілігіне еш әсер етпейді екен.

Ал сіз шыршаны қайда қойдыңыз?

Тақырып бойынша:

Жаңа жылға шырша құрмас бұрын...

Жаңа жылда үйді қалай безендіремін?

Жаңа жылға шырша таңдап жүрсеңіз...

Дайындаған: Сания Аринова

Сурет: biokrasota.ru

С. А