Жаңа жыл есіктен сығалайды...

Жаңа жыл есіктен сығалайды...

Көптен күткен Жаңа жылға да санаулы күн ғана қалды. Мерекеге бірден еніп кету мүмкін емес, сондықтан осы аптаның демалыс күндерінен, тіпті, бүгіннен бастап позитивті энергиямен қуатталып, көтеріңкі көңіл-күйді "жұқтырып", жаңажылдық іс-шараларға бас сұға берген жөн.

Кеңесімізге құлақ асуға бел бусаңыз, демалыс күндері Алматы қаласында өтетін іс-шаралармен таныс болыңыз:

Жаңа жылдық пиротехникалардың жәрмеңкесі.

Алматы қаласында пиротехникалық өнімдердің жәрмеңкесі өтеді. Барлық ниет білдірушілердің осы іс-шараға барып, жоғары сапалы пиротехникалық өнімдерді төмен бағада сатып алуларына мүмкіндік бар.

Жәрмеңке Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында 26-29 желтоқсан аралығында өтеді. 

Өтетін уақыты: таңғы 10:00-ден кешкі 18:00-ге дейін.

Мұражайдағы шырша мерекесі: "Жоғалған домбыра туралы ертегі".

Сүйікті мерекелеріңіздің қарсаңында Қазақ халық музыкалық аспаптар мұражайы кішкентай бөбектерге арналған шытырман әсерлер сыйлайтын арнайы бағдарлама дайындап отыр.

Бағдарламада қойылымдардан басқа, қиын лабиринттер, жұмбақтар, ертегі кейіпкерлерінің қызықты сұрақтары, ән мен жырдан шашу шашатын концерт күтіп тұр.

Іс-шара Қазақ халық музыкалық аспаптары мұражайында 27 желтоқсан мен 10 қаңтар аралығында өтеді.

Билет бағасы: 1500 тг.

Өтетін уақыты: 12:00 – 15:00.

Н.Сац атындағы балаларға арналған орыс театры 24-30 желтоқсан аралығында жаңажылдық шоу бағдарламалар өткізеді.

Ғ.Мүсірепов атындағы театрдан "Ең алғашқы Жаңа жыл" атты музыкалық ертегіні тамашалаңыздар.

М.Әуезов атындағы театр ғимаратында Қайрат Баяновтың "Сезам" қуыршақтар театры 25 желтоқсан мен 7 қаңтар аралығында музыкалық-комедиялық қойылымдарына шақырады.

М.Лермонтов атындағы театр Жаңа жылға дейін, яғни, 20-30 желтоқсан аралығында, Жаңа жылдан кейін 2-6 қаңтар аралығында балаларға арналған керемет ертегілік қойылымдарына шақырады. Қойылымнан басқа қызықты билер, жаңажылдық кейіпкерлермен шырша айналу ойындары өтеді.

«Clay House Gallery» студиясындағы оқушылар көрмесі.

Мерекелік «Clay games» көрмесінің аясында оқушылардың туындылары қойылады. Сізді мұнда ыстық әрі достық лебі есетін атмосфера, позитивті көңіл-күй мен жағымды әсерлер күтеді.

Аталған көрме «Clay House Gallery» галереясында 25-31 желтоқсан аралығында өтеді. Кіру тегін.

Өтетін уақыты: 10:00-20:00.

"Ертегілік сыйлықтар-2013" жаңажылдық жәрмеңкесі.

Қаладағы Орталық Көрме Залында жаңажылдық "Ертегілік сыйлықтар" атты жәрмеңке өтеді. Онда түрлі компаниялар мен стилистикалық бағыттары өзгеше шеберлер қатысады. Жәрмеңке барысында интерьер заттарын, естелік заттарды, отшашуларды, ойыншықтарды, парфюмдерді, косметикалар мен әшекей бұйымдарды, тәттілер мен бал өнімдерін сатып ала аласыз. Бір сөзбен айтқанда сыйлықтар әлеміне енесіз.

Қонақтарға үздік деген шеберлермен танысып, арнайы курстарға жазуға мүмкіндік беріледі. Әрине, Аяз Атамен кездесу күтіп тұр.

Жәрмеңке Орталық Көрме Залында 22-30 желтоқсан аралығында өтеді.

Өтетін уақыты: 12:00-17:00.

"Әйел мүмкіндіктері және оларды үйлесімді отбасын құруға қолдану" семинары.

Отбасы – бақыт, денсаулық үшін, жеке тұлғаның сәттілігі және бүтін қоғам үшін жалғыз негіз әрі тірек саналады. Ал әйел – бірінші кезекте ана және жар. Бірнеше ғасырдан бері осылай жалғасып келеді. 27 желтоқсан күні өтетін осы тренинг арқасында нәзік жандылар қауымы үйлесімді болуға не кедергі болатындығын айырып, күйеуін түсініп үйренуді, сұлулық пен махаббатқа жетуді біліп, тәжірибе алмасады.

Барлық ақпараттарды мына нөмір бойынша білесіздер: 390-1000

Кіру бағасы: 500 тг.

Persona contra-ның жаңажылдық концерті.

Қазақстан авторадиосы Сергей Крылов пен Евгений Жагалтаевтың жаңажылдық концерттерін ұсынады. Ұйымдастырушылар тамаша концерт үшін кепілдік бере алатындығын айтып отыр.

Кеш "Қазақконцерт" залында 27 желтоқсан күні өтеді.

Өтетін уақыты: 19:00. Билетке тапсырыс беру үшін: 315-37-37

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік академиялық би театрының кеші

Болат Аюхановтың басшылығымен өтетін шарада М. Глинканың «Полонез», «Вальс», «Мазурка»,«Кешкі дауыс», «Орыс романсы», сондай-ақ, «Руслан және Людмила», К.Сен-Санстың «Суретші мен аққу», Бейбіт Оралұлының «Дала Әуендері», Г.Свиридованың, «Ана мен жауынгер», Л.Хамидидің «Қазақ вальсі» қойылады. Биді қоюшы: Гүлнәр Камалова.

Би кеші Абай атындағы опера және балет театрында 28 желтоқсанда өтеді.

Басталуы: 18:30.

Иллюзион Атриум кинотеатры 28 желтоқсан күні көрермендер үшін тосын сый дайындайды. Сіздер бағдарламадағы 3 фильмді ("Хоббит: Смауг тақыры", "Шыршалар-3", "Суық жүрек") жұбыңызбен бірге көріп, тегін сусын мен чипстарды аласыздар.

Сондай-ақ, үзілістерде ойынханаларға кіріп, дәліздегі би, ойын-сауық байқауларына қатысуға мүмкіндік беріледі. Барлық фильм мен бағдарламалар үшін 2000 теңге төлеу жеткілікті.

Гэтсбидің думанды кеші.

Алматы қаласында 28 желтоқсан күні Ұлы Гэтсбидің атымен аталатын шулы кеш өткелі отыр. Қонақтар мұнда өткен ғасырдың 20 жылдарындағы киім үлгілерімен келу керек.

Ақпараттарды мына телефон бойынша білесіздер: +7 (727) 392 56 24,  +7 707 610 24 44

Бағасы: 1500 теңге. 

Өтетін уақыты: 18:00.

Грузин мейрамханасындағы жаңажылдық түн.

31 желтоқсан күні «Генацвале» мейрамханасында жаңажылдық думанды шоу ұйымдастырылады. Кеш бағдарламасында:

– шоқты грузин билері;

– заманауи жұлдыздарға пародия;

– Аяз Ата мен Ақша қар;

– пышақ лақтыру шоуы;

– түрлі сыйлықтар бар;

Венгрияға, Словакияға, Польшаға арналған саяхат билеттері ойнатылады.

Қосымша ақпараттар үшін: +7 (727) 328 20 27,  +7 705 309 88 11 

Өтетін уақыты: 21:00

Таудағы демалыс

Таза ауа құшағындағы, ашық аспан астындағы шараларды ұнататындар үшін этно-мәдениет "Орман ертегісі" мұз үстіндегі жаңажылдық іс-шараға шақырады.

Мереке қонақтарын дамыту ойындары, байқаулар, сыйлықтар, Аяз Ата мен Ақшақардың қызықты сұрақтары, кәсіби әртістердің қойылымдары және саябақ аттракциондары күтеді.

Италия жұлдызы Риккардо Фольимен бірге Жаңа жылды қарсы алыңыз!

«Алма-Ата Hall» мейрамхана кешенінде ең қызықты мереке өткізуге болады. Ринат Сафарғұлов жүргізетін кеште кереметтей тосын сыйлар күтіп тұр. Әсіресе, ең дәмді тағамдардан ауыз тиіп, Италия жұлдызының әуезді әндерін тыңдай аласыздар.

31 желтоқсан, Абылайхан-Жамбыл көшелерінің қиылысы.

Қосымша ақпараттар үшін: +7 702 888 87 33, 2610472

Өтетін уақыты: 21:00.

Орталық Алаңдағы басты мерекелік кеш

Алматы қаласындағы ең басты мерекелік концерт Республика алаңында 31 желтоқсан күні өтеді. Қазақстан өнер жұлдыздарының қатысуымен өтетін кеш 23:00-де басталып, 01:00-де аяқталады.

Сағат тура 00:00-ді көрсеткенде елбасы Нұрсұлтан Назарбаев құттықтау сөзін арнайды, содан кейін қала тұрғындары мерекелік ауқымды отшашуды тамашалай алады.

Әрбір күніңіз көтеріңкі көңіл-күйге толы болсын! Жаңа жыл құтты болсын!

Дайындаған: Айгерім Сматуллаева

Сурет: season.kz, vk.com

С. А