Жаңа жыл дастарханында айтылатын әндер

Жаңа жыл дастарханында айтылатын әндер

Жаңа жыл дастарханында бірге шырқауға болатын мерекелік әндерді ұсынамыз. Көңілдеріңіз көтеріңкі болсын! Жаңа жыл әр шаңыраққа құт боп кірсін!

Дос туралы жыр                 

с. Т.Молдағалиев

ә. С.Бәйтереков

Іздегенде табылатын қасыңнан,

Көңілі бар қызғалдақтай ашылған.

Көріспесек сағыныштан жүдейтін,

Кім бар жақын бала күнгі досыңнан.


Қайырмасы:  

Жан досым, үстем болсын мерейің,

Әрқашан жеңісіңді көрейін.

Сырымыз да бітпесін,

Жырымыз да бітпесін,

Жырымыз да бітпесін.

 

Қос бұтағы секілденіп ағаштың

Қатар тұрып гүлімізді сан аштық

Жол тапсақ біз бірге жүріп жол таптық

Адассақ та бірге жүріп адастық

 

Қайырмасы:  

Жан досым, үстем болсын мерейің,

Әрқашан жеңісіңді көрейін.

Сырымыз да бітпесін,

Жырымыз да бітпесін,

Жырымыз да бітпесін.

 

Өмір өзі арқамызға жүк салып,

Бәрімізді қияларға жұмсады.

Қатар ұшқан құсқа ұқсадық әлде біз,

Қатар жанған екі шамға ұқсадық.

 

Қайырмасы:  

Жан досым, үстем болсын мерейің,

Әрқашан жеңісіңді көрейін.

Сырымыз да бітпесін,

Жырымыз да бітпесін,

Жырымыз да бітпесін.

 

***

Жұбайлар жыры          

с.,ә. М.Шаханов

Қуаныш пен бақыттан мүсіндеген,

Келбетіңнен сенімнің күшін көрем.

Сен сияқты мені ешкім еркелетіп,

Сен сияқты мені ешкім түсінбеген.


Қайырмасы:

Асыл жарым,

Жайнаған жасыл бағым.

Бағаласаң бақытыңмын,

Сағынсаң қасыңдамын.

Арманды дара қумаймыз,

Құстың қос қанатындаймыз.

Жүректе от жанып,

Тауларды бетке алып,

Бірге ұшып барамыз болашаққа.

 

Сен бар жерде керегем кең сияқты,

Кең сияқты, терезем тең сияқты.

Ешкім мені дәл сендей өкпелетіп,

Жұбата да алмаған сен сияқты.

 

Қайырмасы:

Асыл жарым,

Жайнаған жасыл бағым.

Бағаласаң бақытыңмын,

Сағынсаң қасыңдамын.

Арманды дара қумаймыз,

Құстың қос қанатындаймыз.

Жүректе от жанып,

Тауларды бетке алып,

Бірге ұшып барамыз болашаққа.

 

Шаттығымның бастауын сенен көрдім,

Сенен көрсем қалайша төмендермін.

Енді, сәулем, бәрі де әділетсіз,

Бізді бақсыз, бақытсыз дегендердің.

 

Қайырмасы:

Асыл жарым,

Жайнаған жасыл бағым.

Бағаласаң бақытыңмын,

Сағынсаң қасыңдамын.

Арманды дара қумаймыз,

Құстың қос қанатындаймыз.

Жүректе от жанып,

Тауларды бетке алып,

Бірге ұшып барамыз болашаққа.

 

***

Жеңеше-ай            

с. И.Иса

Елдің сүйгені, біздің үйдегі,

Менің асыл жеңешем есім білгелі.

Келгеннен мені еркем дегені,

Асау тентектігімді көркем дегені.

 

Қайырмасы: 

Әңгімесі ауылдың,

Жеңешемнің мінезі.

Ағайынның бауырдың,

Сәні бір өзі.

Әңгімесі ауылдың,

Жеңешемнің мінезі.

Ағайынның бауырдың,

Сәні бір өзі.

 

Ешқашан егес бастаған емес,

Орамалын басынан тастаған емес.

Туғандарыма қонған бағы ма,

Орамалы сияқты аппақ ары да.

 

Қайырмасы: 

Әңгімесі ауылдың,

Жеңешемнің мінезі.

Ағайынның бауырдың,

Сәні бір өзі.

Әңгімесі ауылдың,

Жеңешемнің мінезі.

Ағайынның бауырдың,

Сәні бір өзі.

 

Көзінде күлім, сөзінде шырын

Жоғалтпаған қыз күнгі сүйкімділігін.

Көктем тәрізді, неткен жан ізгі,

Отырады елігіп ата-анамызды.

 

Қайырмасы: 

Әңгімесі ауылдың,

Жеңешемнің мінезі.

Ағайынның бауырдың,

Сәні бір өзі.

Әңгімесі ауылдың,

Жеңешемнің мінезі.

Ағайынның бауырдың,

Сәні бір өзі.

 

Асыл жеңешем, уайым жеме сен,

Үйленсей деп қинайсың мені неге сен.

Жасың батыр ғой қорықпаймын ғой,

Дәл өзіңдей перизат жолықпай жүр ғой...

 

Қайырмасы: 

Әңгімесі ауылдың,

Жеңешемнің мінезі.

Ағайынның бауырдың,

Сәні бір өзі.

Әңгімесі ауылдың,

Жеңешемнің мінезі.

Ағайынның бауырдың,

Сәні бір өзі.

 

***


Әже туралы ән              

с. Қ. Мырзалиев

ә. Н.Тілендиев

 

Асыл әжем, ғасыр әжем аңсаған,

Сағынышым - сары ормандай самсаған.

Әке болып жүргенімді ұмытып,

Әлі күнге еркелеймін мен саған.

 

Құлындаймын асыр салған аңғарда,

Қозыңдаймын ойнақтаған албарда.

Өзің барда қысылмаймын күлуге,

Жылауға да қысылмаймын сен барда.

 

Мен өзіңнен қабылдаппын сүюді,

Мен өзіңнен қабылдаппын күюді.

Сенің жаның жүрегіме ораулы,

Менің жаным жаулығыңа түюлі.

 

Тұра тұршы түзелгенше бұзығың,

Жүре тұршы жалғанғанда үзігің.

Маған дәулет неге керек, ақ әже-ау,

Өзің бірге көре алмасаң қызығын?!

***


Әдемі-ау              

с. Б.Тәжібаев

ә. Е.Хасанғалиев

 

Бұлбұл құс туған жерден гүл іздейді,

Күдерін құштарынан бір үзбейді.

Келесің гүл боп, еркем, көз алдыма,

Өзіңді мен іздемей кім іздейді!

 

Арына махаббаттың шырай керек,

Шын сүйген азабына шыдайды көп.

Ән айттым, арнап саған, ұнайма деп,

Әдемі-ау, мені сүйсең мұңайма тек.

 

Қайырмасы:  

Арманымның нұры,

Ақындықтың сыры,

Жүрегімнің жыры, Әдемі-ау.

Көңілімнің сазы,

Өмірімнің жазы,

Қайда жүрсің, Әдемі-ау.

 

Өзің ғой өміріме сән берген де,

Дүниеде саған ару тең келген бе?

Сәулем-ау сен келесің, көз алдыма

Ақ қайың самал желмен тербелгенде.

 

Жас жаным сені аңсамай төзе алар ма,

Өзгелер сені мендей сезе алар ма.

Ақ толқын жағалауға асыққанда,

Айым-ау, сен келесің көз алдыма!

 

Қайырмасы:  

Арманымның нұры,

Ақындықтың сыры,

Жүрегімнің жыры, Әдемі-ау.

Көңілімнің сазы,

Өмірімнің жазы,

Қайда жүрсің, Әдемі-ау.

 

***

Ән-аға немесе Шәмшімен сырласу                  

с.Қ.Құрманәлі

ә. И.Иса

 

Жетті ғой осы күнге, ән болып есімің де,

Тербеттің ғашықтарды махаббат бесігінде.

Аққулар арасында әнің жүр барасың ба,

Бір сұлу мұңаяды Арыстың жағасында.

 

Қайырмасы:

Ән аға, жан аға,

Сені аңсап шарқ ұрды шағала.

Каспийдің толқыны,

Соғады жағаға.

Жағаға жан аға, ән аға,

Каспийдің толқыны,

Соғады жағаға.

Жағаға жан аға, ән аға.

 

Еліңе мәңгі ұнатқан нәр бердің ән бұлақтан,

Жетеді іңкәр әнің Теріскей Тамды жақтан.

Ән болып ұшарыңда аққуға ұқсадың ба?

Гүл болып үлбіредің бақыттың құшағыңда.

 

Қайырмасы:

Ән аға, жан аға,

Сені аңсап шарқ ұрды шағала.

Каспийдің толқыны,

Соғады жағаға.

Жағаға жан аға, ән аға,

Каспийдің толқыны,

Соғады жағаға.

Жағаға жан аға, ән аға.

 

 

Шалқыған жалын жастар,

Тойларда әнің бастар.

Толқиды әуеніңмен,

Ақ маңдай қарындастар.

Тұрса да дала гүл деп,

Өксиді дала бірге.

Ескегін қайығыңның,

Қалдырдың аға кімге.

 

Қайырмасы:

Ән аға, жан аға,

Сені аңсап шарқ ұрды шағала.

Каспийдің толқыны,

Соғады жағаға.

Жағаға жан аға, ән аға,

Каспийдің толқыны,

Соғады жағаға.

Жағаға жан аға, ән аға.

 

***


Бақыт құшағында                 

 с. Т.Молдағалиев

ә. Ш.Қалдаяқов

 

Көзіңнен бір ұшқын,

Ұшты ма білмедім.

Әйтеуір нұр құштым,

Әйтеуір гүлдедім.

Көктемнің бұлбұлы,

Кеудеме қонады.

Құшаққа қыр гүлі,

Толғандай болады.


Қайырмасы: 

Кел билейік, кетпе менің қасымнан,

Қызғалдағым таң нұрымен ашылған.

Сезім шіркін ақ жаңбырға ұқсайды,

Алматыда жаңа жауып, жаңа жауып басылған.

 

Әнбісің төгілген,

Жырмысың армандай.

Бір бақыт көрінген,

Жақындап қалғандай.

Жанарың ұшқыны,

Жүректе жанады.

Қолыңның ыстығы,

Қолымда қалады.

 

Қайырмасы: 

Кел билейік, кетпе менің қасымнан,

Қызғалдағым таң нұрымен ашылған.

Сезім шіркін ақ жаңбырға ұқсайды,

Алматыда жаңа жауып, жаңа жауып басылған.

 

Мен бүгін бұлақпын,

Ілгері жүгірген.

Бір нәзік шуақпын,

Жаныңа үңілген.

Сүйемін мен күнді,

Көңілді жалынды.

Сен биле еркімді,

Әлдиле жанымды.

 

Қайырмасы: 

Кел билейік, кетпе менің қасымнан,

Қызғалдағым таң нұрымен ашылған.

Сезім шіркін ақ жаңбырға ұқсайды,

Алматыда жаңа жауып, жаңа жауып басылған.

Дайындаған: Мейіргүл Оңғарова

Сурет: baq.kz, veta.kz, look.com.ua

М. Оңғарова