Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Арнайы жобалар / Жаңа жыл 2014 / Жаңа жылда жалғыз қалған қыз үшін

Жаңа жылда жалғыз қалған қыз үшін

Жаңа жылда жалғыз қалған қыз үшін

Жаңа жыл қарсаңында үйге қайтатын билеттер таусылып, ал достарыңыз ауылдарына қайтып кетіп жалғыз қалатын сәттер болады. Жақындарыңызбен ренжісіп қалатын сәттер де аз емес. Психолог мамандардың айтуынша, Жаңа жылды отбасымен бірге отырып қарсы алған дұрыс, ал отбасыңыз алыста болса, жоқ дегенде көңілді адамдардың қасында болуыңыз керек. Бұл жыл бойы үлкен жетістіктерге жетуге, сүйеніш болар жандардың бар екендігін сезінуге көмектеседі екен.

Бірінші кезекте өзіңізге: «Жаңа жылды көңілді адамдармен қарсы алайын ба, әлде жалғыз ба?» деген сұрақ қойып көріңіз. Жалғыз қалғыңыз келсе, барлығын өзіңізге ғана ұнайтындай етіп ұйымдастырасыз.

Жалғыз қалғанды ұнататын жандарға арналған мереке

Жаңа жылда жалғыз қалғандығыңыз жаман адам болғандығыңыздан емес. Жалғыздықты да қадірлей біліңіз. Бұл өмірде бірер сағатқа болсын жалғыз қалуды аңсап жүрген адамдар бар. Оларға берілмеген мүмкіндіктің сізге түсіп тұрғанына қуаныңыз. Назарларыңызға Жаңа жыл мерекесін ойдағыдай етіп өткізуге көмектесетін бірнеше идеяларды ұсынамыз:

- Міндетті түрде өзіңізге сыйлық сатып алыңыз. Ең болмаса жылына бір рет қымбат сыйлыққа лайықсыз.

- Сүйікті де ерекше тағамдар дайындаңыз. Өзіңіз жасай алмасаңыз, дәмханалардан сатып алуыңызға болады. Немесе сайтымызда жаңа жылдық мәзірлерді көріңіз.

- Түні бойы жалықпай отырып көретіндей жаңажылдық фильмдер сатып алыңыз. Жаңажылдық ертегілерді де ұмытпаңыз.

- Сағат он екі болғанда тілек тілеңіз. Өзіңізге ең қымбат тілектер жазылған хат жазыңыз. Жаңа жылда қандай жетістіктерге жеткіңіз келетіндігін, жаңа өмірден не күтетіндігіңізді қағаз бетіне түсіріп, ешкім таба алмайтын жерге жасырып қойыңыз. Оны бір жылдан кейін ашып оқисыз.


- Мүмкіндік болса, скайп арқылы өзге қалалардағы ағайын-туысқандарыңызбен, достарыңызбен сөйлесіп, жүрекжарды құттықтаулар айтыңыз.

- Айтпақшы, Жаңа жыл мерекесін пайдаланып, бұрын-соңды сөйлеспей кеткен немесе әлі де толықтай танысып үлгермеген адамдармен сөйлесіңіз. Қашан да қонақжай халқымыз жалғыз екендігіңізді білген соң қонаққа шақыруы мүмкін. Өзіңіздің жалғыз қалатындығыңызды алдын ала ескертіп қойыңыз.

- Жатып ұйықтап алыңыз. Неге ұйықтамасқа? Өзіңізді мәжбүрлеп түрлі бағдарламаларды көргенше, өзіңіз шын мәнінде қалаған істермен айналысыңыз.

Ал мерекені өзгелермен бірге қарсы алғыңыз келсе:

- Далаға шығыңыз. Көңілді кештер өтіп жатқан жерлерге барыңыз. Қай жерде не өтіп жатқандығын үйден шықпай тұрып анықтап алғаныңыз жөн. Билет сатып алу керек болса алдын ала алып, баратын жеріңізге лайық киімдеріңізді дайындаңыз. Бұндай мерекеде адамдар таңғажайып көңіл-күйдің шырмауында жүретіндіктен олармен сөйлесуден қорықпаңыз. Қалаңыздың көрікті жерлерінде суретке түсіңіз.

- Біздің форумда жаңа жылды жалғыз қарсы алып отырғандар үшін жаңа тықырып ашыңыз. Ол «Жаңа жылда жалғыз қалғандар бірігейік» тақырыбында болуы мүмкін. Мұндайды, әдетте, көңілді жүретін жандар жақсы ұйымдастырады.

-Жақсы істерге арналған мерекеге айналдырыңыз. Кәмпит, шоколад, кішігірім сувенирлер алып үйдің ауласына шығыңыз. Оларды құттықтаулар айтып жүріп таратыңыз. Танитын, танымайтын адамдарыңыздың барлығына бірдей беріңіз. Бұндай сыйлықтан ешкім де бас тартпайтыны анық. Мүмкін дәл осылай жаңа таныстар тауып алатын шығарсыз. Бір көргеннен ұнатып қалған адамдарыңызға да сый-сияпат ұйымдастырыңыз.


- Үйіңіздің маңындағы азық-түліктеріне кіріп, таныс саудагерлерді де құттықтаңыз. Оларға да сыйлықтар сыйлаңыз. Сізді естерінде ұзақ сақтайды.

- Алыстағы ағайыннан мына тұрған көршің жақсы» дегендей оларды да құттықтауды ұмытпаңыз.

Мына істерден аулақ болыңыз...

1. Көңіл көтеруді білмейтін адамдармен отырыстарға барудың қажеті жоқ. Олардың арқасында жалғыздығыңызға мұң мен қайғы қосылуы мүмкін. Өздері сәтсіздіктерін айтуға құмар келеді.

2. Сізді жақтырмаған жерге қонаққа бару. Оларды тас жүректі жандар деп қорлаудың қажеті жоқ.  Бастапқыда достарыңыз көңіліңізге қарап келісе салуы мүмкін. Артынша шақырылмаған қонақ болып отырғаныңыз өзіңізге жаман. Олар шын мәнінде шақырғысы келсе, бұдан бұрын шақыратындығын есіңізге алыңыз.


3. «Мен ешкімге керек емеспін, ешкім мені жақсы көрмейді, өмірі жолым болмайды» секілді күйзеліске түсудің қажеті жоқ. Бұл сізге де, айналаңыздағыларға да жақсылық әкелмейді. Жаңа жылды қандай жағдай болмасын көтеріңкі көңіл-күймен қарсы алу керек.

4. Және ең бастысы Жаңа жыл ойдағыдай өтпеген жағдайда еш мұңаймаңыз. Алдыңызда әлі де үлкен мерекелер бар. Мүмкіндіктердің деңгейі әр түрлі болғанменен, олар бірнешеу...

Ал Сіз Жаңа жыл мерекесін кіммен бірге қарсы аласыз? Осы мерекеде жалғыз қалған сәттеріңіз болды ма?

Жаңа жылда жалғыз қалған жігіттің әрекеті

Дайындаған: Қарлыға Бүйенбай

Сурет: lookatme.ru

Дайындаған: Қарлыға Бүйенбай
Қосылған күні: 26 желтоқсан 2013, 17:10

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.