Оқи отырыңыз

Ісіңізге, еңбегіңізге, оқуыңызға нағыз адамгершілікпен қарасаңыз, сөз жоқ, жеңіске жетесіз.

Автор: Қаныш Сәтбаев

— Редактор бағаны —

Массагетте пікір қалдыру мен блог жазу ережесі өзгерді
Массагетте пікір қалдыру мен блог жазу ережесі өзгерді

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Арнайы жобалар / Жаңа жыл 2014 / Жаңа жылда жалғыз қалған жігіттің әрекеті

Жаңа жылда жалғыз қалған жігіттің әрекеті

Жаңа жылда жалғыз қалған жігіттің әрекеті

Жаңа жыл күнінде жалғыз өзің қалайын деп тұрсың. Не қызың, не достарың, не ата-анаңмен бірге болу бақыты маңдайыңа жазылмай, дәл осы күнді төрт қабырғада өткізу бұйырыпты. 

√ Не істемек керек?

Бастысы – мұңайма! Мұңаю қыздардың шаруасы! Жаңа жыл күні жалғыздан-жалғыз көшеге шығу ұят деп санасаң, қатты қателескенің. Өйткені, адамзат адамзат болғалы ер адам нәзік жандылардан үстем тұрған. Атам қазақтың өзі еркек бас, әйел мойын екенін баяғыда-ақ айтып кеткен. Бұны не үшін айтып отыр десең, жалғыз қалуың керісінше, өзіңді нағыз ханзада ретінде сезініп көруің үшін таптырмас мүмкіндік дер едік. Көшеге сәнді киініп шық та, өзіңе ұнаған қызбен танысуға бір қадам жаса. Қай қыз болмасын, бұндай батыл жігітті бағалары сөзсіз. Бәлкім өмірлік бақытыңды тауып қаларсың? Не нәрсе де жақсылыққа, сондай-ақ сенің бұл күні жалғыз қалуың бәлкім өміріңді жақсы жаққа өзгертейін деп тұрған болар? 

◊ Міндетті түрде өз-өзіңе сыйлық сатып ал. Мына өмірде Жаңа жылды жалғыз қарсы алып көру де керек шығар? Өз-өзіңді еркелетіп, сағат тілі 12-ні соққанда шын жүрегіңмен тілек тіле. 

◊ Жаңа жылды интернетте отырып қарсы алуға да болады. Интернетке кіріп қалсаңыз, дәл сіз сияқты Жаңа жылды жалғыз қарсы алмаққа бекінген адамдардың көп екеніне көзіңіз жетеді. 

Бұл туралы ерлердің өзі не дейді екен?

Айбат, 23 жас: Бәрі қалтаға байланысты, егер мен жалғыз қалып қойсам, қалтамда қаражатым болса, үйде отырмас едім. Әйтеуір бір амалын тауып, бейтаныс адамдармен болса да қарсы алар едім. Ал қалтамда көк тиыным жоқ болса, үйде өз-өзіме ренжіп отырудан басқа амал жоқ. Ондай жағдайда қыздарға қоңырау шалып, немесе неге жалғыз қалғанымды ойланар едім... 

Ерхан, 20 жас: Бұлай ойлаудың өзі қиын. Ал, егер Жаңа жылда жалғыз қалсам, жалғыз өзім дастархан жайып, 12-ні күтіп, өз-өзіме тост көтеретін едім. Мүмкін сол жерде биылғы жылым туралы қорытынды жасармын. 

Батыр, 18 жас: Телидидар көріп үйде отырамын, туған-туысқанға хабарласамын, өзім тамақ дайындап, торт та пісірер едім. 

Жанат, 23 жас: Жалғыз қалмауым үшін жалғыз қалмаудың бар амалын алдын ала жасар едім. 

Жасұлан, 19 жас: Жаңа жылда жалғыз қалу дегенді елестете алмай тұрмын. Ал расымен жалғыз қалған болсам, ең алдымен өз-өзіме мереке жасаймын. Дастарханға отырып, жаңажылдық кино көріп, әйтеуір өзімді бірдеңемен алаңдатып, мұңаюға жол бермес едім. Өйткені мен бір жылда бір келер Жаңа жылды кейін есіме түсіргенде, көңіл-күйімнің түсіп кеткенін қаламаймын. 

Жаңа жылды жалғыз қарсылайын деп тұрған жігіттеріміз үшін сіз қандай кеңес қосар едіңіз?

Жаңа жылда жалғыз қалған қыз үшін

Дайындаған: Мейіргүл Оңғарова

Сурет: loneliness

Қосылған күні: 27 желтоқсан 2013, 11:41
Пікірлер
+0
27 желтоқсан 2013, 12:32

Оларға телевизор мен тамақ болса жеткілікті сияқты ғой ))

+0
27 желтоқсан 2013, 16:24

Ломантика керек, ломантика :cry:

+0
27 желтоқсан 2013, 16:36

менің қызымды цитировать жасап жатырсың ба?

+0
27 желтоқсан 2013, 21:41

Сіз арқылы жалпыға ортақ мәйексөзге (меніңше "цитатаны" осылай тәржімалау керек секілді) айналғаны қашаааан... :)

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.