Балаларға жаңажылдық киім таңдайық

Балаларға жаңажылдық киім таңдайық

«Жаңа жылда не киемін?» деген сұрақ тек үлкендерді ғана емес, кішкентайларды да мазалайды. Олар мектептегі Жаңа жыл мерекесіне киетін киімін көп уайымдайды. Біз кішкентайларымызға да жаңажылдық киім таңдау үшін кеңес беруге дайынбыз.

Бүлдіршіндерге арналған жаңажылдық костюмдерді түрлі дүкендерден сатып алу арқылы, интернет-дүкендерінен тапсырыс беру арқылы алуға болады. Болмаса қолыңыздан келсе, өзіңіз-ақ қолдан тігіп беріңіз. Ал егер қолыңыздан келмесе, арнайы мамандарға тапсырыс беріңіз. Баланың ойымен санасыңыз. Оның қандай кейіпкер болып Жаңа жылды қарсы алғысы келетіндігін сұраңыз.

Мектепке дейінгі жастағы балалар киім кигенде аса талғампаздық танытпайды. Әйткенмен оларға не болса соны кигізе салмауға тырысыңыз. Шамаңыз бен әлеуетіңіз жеткенше балаңыз жаңажылдық мерекеде достарынан қалмай сәнді болып тұруы үшін күш жұмсаңыз.

Оларға көңілді клоунның бейнесі әдемі жарасады. Оны қолдан тігуге де, сатып алуға да болады.

Белдемшесін гофрленген қағаздан жасаңыз. Жай ғана ақ футболканы түрлі-түсті түстермен сәндеңіз. Әсіресе домалақ етіп сәндесеңіз болады. Ал қалпақты жай ғана түрлі-түсті қағаздан жасай салыңыз. Сөйтіңіз де, бетіне гримм жасаңыз.

Ертегілер мен аңыз кейіпкерлері – балалар үшін жаңажылдық костюмдердің таптырмас нұсқасы.

 

Жалмауыз кемпірдің киімі мен қарақшының киімі де жаңажылдық кештерде балаға жақсы көңіл-күй сыйлайды.

Қазақы үлгідегі киімдерге де оң көзбен қараңыз.

Кішкентай аруларға ханшайымның да киімі ұнайды.

Хайуанаттар мен мультфильм кейіпкері болып киінуді де ұнататын балалар бар.

Жылқы жылына сәйкес құлыншақтың киімін сатып әперуге де болады. 


Дайындаған: Ақерке Әбілхан

Сурет: babyblog.ru, vse.kz

А. Әбілхан