Жаңа жылда Алматыда өтетін іс-шаралар

Жаңа жылда Алматыда өтетін іс-шаралар

Алматы қаласының мәдениет басқармасының қолдауымен Мемлекеттік Қуыршақ театры 2013 жылдың 20-30 желтоқсаны және 2014 жылдың 2-8 қаңтары аралығында "Шығыс ертегісі" атты жаңажылдық қойылымға шақырады.

Н. Сац атындағы балаларға арналған орыс театры 24-30 желтоқсан аралығында жаңажылдық шоу бағдарламалар өткізеді.

Ғ. Мүсірепов атындағы театрдан "Ең алғашқы Жаңа жыл" атты музыкалық ертегіні тамашалаңыздар.

М. Әуезов атындағы театр ғимаратында Қайрат Баяновтың "Сезам" қуыршақтар театры 25 желтоқсан мен 7 қаңтар аралығында музыкалық-комедиялық қойылымдарына шақырады.

"Aport" ойын-сауық сауда орталығында 20-31 желтоқсан аралығында шырша мерекесі өтеді. Сіздерді орталықта жаңажылдық қызықты бағдарламалар мен Аяз Ата және танымал мульфильм қаһармандары күтетін болады.

"Mega-2" сауда орталығының "Happylon" бөлімінде 20-31 желтоқсан аралығында интерактивті бағдарламалар ұйымдастырылады.

"Mexx" орталығында 22 желтоқсан күні жаңажылдық шырша мерекесі өтеді.

20-31 желтоқсан аралығында "Нұрлы Тау" ғимаратында өтетін жаңа жылдық шеберлік сыныптарына қатысу арқылы жақындарыңызға дара сыйлық жасауды үйренесіз.

Қыстың, Жаңа жыл көріністерінің суреттерін түсіргенді ұнатсаңыз, "Christmas story" фотожобасына қатысыңыз. Ол үшін 87786195676 нөміріне хабарласу керек.

Кино жаңалықтарымен таныс болыңыздар (балаларға арналған мультфильмдер):

"Гром Мысық және дуаланған үй" (Кот Гром және заколдованный дом") – 25 желтоқсаннан бастап;

"Иван Царевич және сұр қасқыр" ("Иван Царевич и Серый волк") – 26 желтоқсаннан бастап;

Әртүрлі жастағы көрермендерге арналған фильмдер:

"Хоббит: Смаугтың тақыры" ("Хоббит: Пустошь Смауга") – 19 желтоқсаннан бастап;

"Шыршалар-2" ("Елки-2") – 26 желтоқсаннан бастап;

"Емші: Авиценаның шәкірті" ("Лекарь: Ученик Авицены") – 26 желтоқсаннан бастап;

"Джастин Бибер: Believe" – 26 желтоқсаннан бастап;

Мереке күндері қызықты өтсін!

Дайындаған: Айгерім Сматуллаева

Сурет: vk.vom