Тауешкі. 2014 жыл. Шығыс жұлдызнамасы

Тауешкі. 2014 жыл. Шығыс жұлдызнамасы

Тышқан (1936, 1948, 1960, 1972, 1984, 1996). Өсуіңіз үшін қосымша білім алсаңыз артық етпейді. Әріптесіңізбен көзқарасыңыз қарама-қайшы болса, ойланып көріңіз. 

Сиыр (1937, 1949, 1961, 1973, 1985, 1997). Жаңа істің бастамашысы болудан, дарыныңызды көрсетуден қорықпаңыз. Бұл жұмыста да, жеке өмірде де оң жағынан септігін тигізбек. Ел сізді қалай сыйлағанын қаласаңыз, өзіңіз де жұртты солай сыйлаңыз. 

Барыс (1938, 1950, 1962, 1974, 1986, 1998). Жұмыста да, отбасындағы қарым-қатынасты сақтауда да кішкене қиял қосыңыз. Денсаулығыңызға көбірек көңіл бөліңіз. Ас қорыту мүшелеріңізге мұқият болыңыз. 

Қоян (1939, 1951, 1963, 1975, 1987, 1999). Егер жеке өміріңізге көп көңіл бөлсеңіз, жұмыста жетістікке жетуіңіз неғайбыл. Сондықтан жұмыс пен жеке өмірдің ара-жігін ажырата біліңіз. 

Ұлу (1940, 1952, 1964, 1976, 1988, 2000). Жылдың басында жаңа таныстықтан қашпаңыз. Отбасыңыздың көзінше әлсіз болудан қорықпаңыз. 

Жылан (1941, 1953, 1965, 1977, 1989, 2001). Өзгенің ақшасын жөнді пайдалана алу сіздің беделіңізді өсірмек. Жаңа табыс жаңа таныстыққа тікелей байланысты. Аузыңыздан шыққан әр сөзге абай болыңыз. 

Жылқы (1942, 1954, 1966, 1978, 1990, 2002). Орынсыз жерде салмақты бола қалу мен жалқаулық, не керісінше, қатты пысық болып кету мен жанжал шығара беру сізге кері әсерін тигізуі мүмкін. 

Қой (1943, 1955, 1967, 1979, 1991, 2003). Кез келген іске кіріспен бұрын жүрегіңіздің үніне құлақ асыңыз. Өзіңізді асыра бағалаушылық сәтсіздігіңіздің басты себепкері болмақ. 

Мешін (1944, 1956, 1968, 1980, 1992, 2004). Достарыңызбен қырғи-қабақ болып қалуыңыз мүмкін. Оңашада ойланып, өз-өзіңізді түсінуге тырысыңыз. Әріптестеріңібен не үшін сөзіңіздің жараспай жүргені туралы ойланып көріңіз.

Тауық (1933, 1945, 11957, 1969, 1981, 1993, 2005). Жылдың басы өмірдегі мақсатыңыз бен жолыңыздың дұрыс-бұрыстығын анықтап береді. Достарыңызға көп сене бермеңіз.

Ит (1946, 1958, 1970, 1982, 1994, 2006). Бастығыңызбен қарым-қатынаста шыдамды болыңыз. Жылдың басында іссапарға шығып жатсаңыз, мұқият болғаныңыз абзал.

Доңыз (1935, 1947, 1959, 1971, 1983, 1995, 2007). Түрлі көрмеге, презентацияға бару өміріңізді өзгертуі әбден мүмкін. 

Дайындаған: Шаттық Қали 

Сурет: utro2.ru 

М. Оңғарова