Жаңа жыл – 2014. Жұлдызжорамал: Таразы

Жаңа жыл – 2014. Жұлдызжорамал: Таразы

Таразылар бұл жылы өмірлік серіктері мен барлық істе тірек болар сүйеніш іздейді. Өзіңізді көрсетіп үйренгеніңіз жөн. Әсіресе, сөзіңіз бен ісіңізді қадағалау маңызды. Бастығыңыз сізді керек әрі мықты маман деп бағалайтын болады.

Қыс. Жылдың басында барынша өзгеруге тырысасыз. Көп уақытыңызды отбасыңызға бөліп, жайма-шуақ күндерді жақындарыңызбен бірге өткізесіз.

Көктем. Махаббат пен сыйластық атаулысы басты тірегіңізге айналады. Көп уақытыңызды жұмысқа арнасаңыз да, жақындарыңыз үшін әрдайым уақыт тауып отырасыз.

Жаз. Маусым айында бастығыңызбен ренжісіп қалмаңыз. Ренжіскен жағдайда да барлығын ақылмен шешуге тырысыңыз.  Ал шілде мен тамыз айлары сіз үшін үлкен мүмкіндіктердің есігін ашады.

Күз. Қыркүйек айында көлге барып демалуыңыз мүмкін. Қазан айында жалақыңыз өседі.

Махаббат

Жүрегіңізді ғана тыңдаңыз

Көктем айларында сүйіктіңізді жолықтырып, ерекше сезімге бөленесіз. Өкінішке орай, алғашқы қадам өзіңізге тиесілі. Жігіттердің батыл қыздарды жақсы көрмейтіндігін есте сақтаңыз. Наурыз айы романтикаға толы болады. Қыс айларында болған кикілжіңге қарамастан, татуласып, өмірлеріңізді жаңа парақтан бастайсыздар. Ол үшін әрекет жасамаған жағдайда мәңгілікке айырылысып кетулеріңіз мүмкін. Сүйіктіңіздің қандай болу керектігін жүрегіңіз ғана айтып бере алады. Ал мамыр айында дәл сол адамды кездестіру мүмкіндігі туады. Жаз айында қызығушылығы өзіңізден мүлдем басқа адамға тұрмысқа шығуыңыз мүмкін.


Отбасы

Жақындарыңызға қамқорлық көрсетіңіз

Қаңтар айында туғандарыңызбен бір дастарханға отырып, өткен жылдың қызығы мен шыжығын еске алғандарыңыз жөн. Олардың болашаққа, яғни келер жылға деген жоспарларын тыңдаңыз. Ата-анаңыз алғашқы жарты жылдықта қалай өмір сүру керектігін үйретумен болады. Бұндайда сабыр сақтау қиын болса да, мәселені ушықтырмауға тырысыңыз. Наурыз бен сәуір айларының аралығында сүйіктіңізбен жараспай қалуларыңыз мүмкін. Сол себепті оны сізге жасаған жақсылықтары үшін мақтап отырыңыз.

Достар

Достарыңызды бағалай біліңіз...

Алғашқы жарты жылдықта үлкен белсенділікке ие болып, үнемі алдыда болуға тырысасыз. Бұл қасиетіңіздің көпшілікке ұнай қоймайтындығы анық. Жастайынан бірге өскен достарыңыздың өзі көреалмаушылық танытуы мүмкін. Олармен жанжалдасудың орнына өзіңізге сүйеу бола білетін достардың керектігін түсіндіріңіз. Жаңа достарыңызға сеніп қалмаңыз. Маусым мен қараша айларының аралығында екіжүзділіктің арқасында жақын достарыңыздан айырылып қалуыңыз мүмкін. Күз айларында топтық жұмыстарға белсенді түрде ат салысыңыз. Бұл сізге пайдалы.

Денсаулық

Өзіңізді бақылауда ұстаңыз

Алғашқы жарты жылдықтағы күйбең тіршілік жүйкеңізге әсерін тигізіп, денсаулығыңыз сыр беруі мүмкін. Ол аурулардың көңіл-күймен тікелей байланысты екендігін ескеріңіз. Біреуге ренжіген болсаңыз, оны бірден кешіріп жеңілдеп алыңыз. Маусым мен қыркүйек айларының аралығында майлы тағамдарды жемегеніңіз жөн. Сізге дәрігерлерге қарағанда, комедиялық фильмдер мен отбасындағы жылы қарым-қатынас жақсы көмектеседі.

Мансап пен ақша

Сіз қызметте жоғарылайсыз

Ақпан айында ерекше белсенділікке ие болып, жеке шығармашылығыңызға көбірек көңіл бөлесіз. Өзіңізді қабілетіңізді арттыру арқылы үлкен жетістіктерге жетелей аласыз. Ауыл шаруашылығы, жеке кәсіп салаларында үлкен табысқа жетесіз. Көпшіліктің ықыласына адалдығыңыз бен сенімділігіңіздің арқасында ие боласыз. Қызметке байланысты қаңтар, наурыз, сәуір, мамыр айларында ауқымды ұсыныстар түсуі мүмкін. Оларды жіберіп алмаңыз.

Дайындаған: Қарлыға Бүйенбай

Сурет: rudaki. ru, photo-studio.kz

Қ. Бүйенбай