Burberry сән үйінің жаңажылдық сыйлықтары

Burberry сән үйінің жаңажылдық сыйлықтары

Әлемдік атаққа ие сән үйлері Жаңа жыл қарсаңында мерекелік сыйлықтар топтамасын ұсынуды әдетке айналдырды. Жоғары сән мен талғаммен жасалған жаңажылдық топтамаларда мерекелік көңіл-күй мен жаңажылдық науқан ерекше байқалады. 

Burberry сән үйі өзінің биылғы жаңажылдық жарнамасында бізге сыйлық таңдаудағы жоғары талғамның мағынасын түсіндіреді. Мереке қарсаңында шыққан "Burberry With Love" жарнамасы нағыз жаңажылдық көңілді сыйлайды. Сыйлық алып үлгермегендерге дизайнерлер Burberry-ден шабыттануға шақырады. Жаңажылдық жаңа топтамада былғары сөмкелер, әмияндар, дәстүрлі шарфтар, қолғап, косметика құралдары, аяқ киім сынды түрлі аксессуарлар бар.

Әрине жаңа топтама үшін Жаңа жыл тақырыбында арнайы бейнебаян шықты. Жарнамалық бейнебаян бізді Жаңа жыл мерекесі қарсаңындағы Лондонға апарады.

Ал сіз Жаңа жылға Burberry сыйлығын алғыңыз келе ме?

Louis Vuitton-ның жаңажылдық топтамасы 

Дайындаған: Сания Аринова

Сурет: pantone.com

С. А