Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Грант құтты болсын,
Грант құтты болсын, "балмұздақ"!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Арнайы жобалар / Жаңа жыл 2014 / Жаңа жыл шыршасы

Жаңа жыл шыршасы

Жаңа жыл шыршасы

Бір кездері әрбір үйде жаңажылдық шыршалар табиғи қалпында безендірілетін еді. Алайда, қазіргі шыршаларға ағашқа ұқсамауға да рұқсат етілген секілді. Ендеше, осы қатардағы альтернативті шыршаларды бірге тамашалайық!

Мурано – бұл Венеция мүйісіндегі алып аралдардың бірі. Ертеректен бері өзінің түрлі-түсті әйнектерімен аты шыққан. Шыршаларды да алуан түсті әйнекті бағаналардан жасағандығына таңырқамаңыз.

Америкалық шағын ғана Рокленд қалашығы Мэн штатында теңіз шаяндарына арналған қақпандардан жасалған ерекше шырша бар. Шаян тұзақтарынан шырша құрастыру жергілікті тұрғындардың құмар қызығушылықтарына айналып кеткен. Олар осындай шырша жасаудан сайысқа түседі. Қазіргі күнге дейінгі рекордтық көрсеткіш 15 метрге жеткен.

Бірнеше миллион доллларға Токио қаласынан таза алтыннан жасалған жаңажылдық шыршаны сатып аласыз. Екі метрлік ағашқа жапондық зергерлер 40 келі алтын  жұмсаған. Бұл – әлемдегі ең қымбат шырша. Бұл бұйымды жасауға екі ай уақыт кеткен.

Италиялық Губбио қалашығының тұрғындары өздерінің 650 метрлік өте ұзын шыршаларын мақтаныш тұтады. Бұл сіз ойлағандай ағаш емес, үш мың шамнан тұратын тау басына ілінген ғажайып құрылыс. Әртүрлі түстер адамдардың көңілдерін көтеру үшін қызмет етеді.

2012 жылы Каунаста 16 метрлік шыны шырша бой көтерді. Ол пластикалық бөтелкелерден құрастырылған. Және де пластикалық бөтелкелерден құрастырылған ең биік мүсін ретінде Гиннестің рекордтар кітабына енген.

Вьетнам астанасы Ханоеда 2011 жылы ұялы телефондардан жасалған шырша көрінді. Оны толықтай бітіру үшін екі жарым мың істен шыққан ұялы телефондар қажет болған.

Мадридтегі 2007 жылғы Жаңа жыл да жаңалыққа толы болды. Бұл жолғы шырша компьютер ойындарын сүйетін тұрғындарға арналған. Шырша компьютер экранын еске салады. Онда көпшілікке белгілі  «Пак-Ман»(Pac-Man) ойыны ілінген.

Сәнқой Бельгия елі керамикалық ыдыстардан шырша тұрғызды. Тоғыз метрлік шырша үшін 5 мыңнан астам тәрелке жұмсалған. Оларды Хасселт қаласының тұрғындары шығарған екен. Бұл оқиға 2012 жылы болды.

Сидней көшелеріндегі алаңдарда қажетсіз заттардан шырша жасау дәстүрі кең етек алған. Олардың арасында үстелдер, орындықтар, бөтелкелер, велосипедтер бар.

2012 жылдың желтоқсан айында дайвер-энтузиасттардың тобы Балий теңізінің түбіне жаңажылдық шырша орнатты. 37,5 метр тереңдікте жатқан шырша Гиннестің Рекордтар кітабына енген.

Дайындаған: Айгерім Сматуллаева

Сурет: skartoy.ru,novate.ru 

Дайындаған: Кәусар Мұң
Қосылған күні: 12 желтоқсан 2013, 09:31
Пікірлер
+0
12 желтоқсан 2013, 10:21

Қандай ғана шыршалар бар екен! мен де биыл үйге бір ерекшесін қойғым келеді

+0
12 желтоқсан 2013, 10:39

Керемет, шырша қойған сол екен деп табиғатты құртпай осындай заттардан жасаған күшті көрінеді иа әрі ерекше

+0
12 желтоқсан 2013, 10:47

Атакенттің алдындағы өртеніп кетіпті ғой :shock:

+0
12 желтоқсан 2013, 10:54

Соңғысы керемет екен!

+0
12 желтоқсан 2013, 12:24

Шыршаның көшірмесі :idea:

+0
12 желтоқсан 2013, 13:40

шырша болғасын жасыл болу керек сияқты...

+0
12 желтоқсан 2013, 17:01

қажетсіз заттардан жасалған шырша күштііііі екен :)

+0
12 желтоқсан 2013, 19:06

Біреуер биыл "шыршақұлаған", "шыршаөртенген" жыл деп жатар))

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.