Оқи отырыңыз

Бір қазақ ең кемі екі ақыл айтып кетеді. Өз қара бас сол екі ақылдың біреуін орындап жүрген болса, әлдеқашан адам болып кетер еді.

Автор: Ғабит Мүсірепов

— Редактор бағаны —

Массагетте пікір қалдыру мен блог жазу ережесі өзгерді
Массагетте пікір қалдыру мен блог жазу ережесі өзгерді

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Жұлдызды блогтар —

20 жасқа дейін...
20 жасқа дейін...

Автор: Томирис Есқали

Статус: Контент-менеджер

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Арнайы жобалар / Жаңа жыл 2014 / Жаңа жылда үйді қалай безендіремін?

Жаңа жылда үйді қалай безендіремін?

Жаңа жылда үйді қалай безендіремін?

Жаңа жыл – сөзсіз отбасылық мереке. Жаңа жылда сиқырлы, ғажайып көңіл-күй орнатуда үйді мерекелік безендіру үлкен орын алады. Үйді безендіру үшін дәстүрлі шырша, базар мен дүкендерде сатылатын жаңажылдық ойыншықтар мен жылтырларды ғана қолданып қоймай, сонымен қатар өзіңіз де қолдан түрлі әдемі заттар жасай аласыз. 

Әрине бірінші кезекте біз базарда сатылатын ойыншықтар мен кәдесыйларға назар аударамыз. Олардың арасынан жұмсақ, артық жылтыры жоқ түрлерін таңдаған дұрыс. Жаңажылдық безендіру ойыншықтарын қалауыңызша кез келген жерге жабыстырып ілуге болады.

Келер жыл – жылқы жылы. Демек оның бейнесі үй безендіруінде болғаны абзал. Қазірде дүкен сөрелерінде жылқы бейнесінде орындалған кәдесыйлар, шыршаға ілетін ойыншықтар бар. Бірақ терезе әйнегіне бояумен салынған мынандай жылқы ерекше көрініп, кішкентайларды әбден қуантады. Оны салу да аса қиын емес, қандай да бір жылқының суретіне қарап тұрып, суретті қарапайым бояумен қорықпай салып көріңіз. 

Бөлменің бір жағынан екінші жағына дейін дүкенде сатылатын қағаз не жылтыр гирлянда тартып қоюға болады. Бұндай безендіру бірден бөлмені сәндейді, әрі балалар гирлянданы бойлары жетпегендіктен, уақытынан бұрын жыртып тастамайды.

Үйдегі бөлмелердің есіктерін безендіру соңғы кезде көп таралған. Дүкендерде сатылатын түрлі-түсті шеңберлер ала салуға болады, бірақ оны өзіңіз де қарапайым гирлянданы орап, әдемі жіппен байлап жасай аласыз. Сондай-ақ есікке ілінген "2014" деген жазу қай жылдың келе жатқандығын еске салып, үйді ерекше безендіріп тұрады. Бұл сандарды да өз қолыңызбен жасай аласыз. Қатты қағаздан 2, 0, 1, 4 сандарын кесіп алып, оны тоқыма жібімен ораңыз. 

Әрине Жаңа жыл шыршасы үйдегі жаңажылдық безендірудің басты элементі болады. Алайда үйде онсыз да көп безендіру түрлері болғандықтан, осындай кішігірім түрін қойып, ойыншықтарды да барынша аз ілуге болады.

Ал дүкенде сатылатын арзан әдемі ойыншықтар, қоңыраулар, шырша бұтақтары үйіңіздің кез келген бұрышын сәндей алады.

Үйіңізді ертегідей безендіру үшін қыруар қаражат пен ерекше ойыншықтар, үлкен шырша қажет емес. Қолда бар заттар мен дүкеннен алынған бір-екі зат та үйіңізді сәндеп, отбасыңызға мерекелік көңіл-күй сыйлай алады. Бастысы бұл іске жақсы көңілмен кірісіп, қиялыңызға шек қоймаңыз.

Үйді безендірген: Сания Аринова

Дайындаған: Сания А
Қосылған күні: 19 желтоқсан 2013, 12:48
Пікірлер
+0
19 желтоқсан 2013, 14:22

жЫЛҚЫНЫҢ СУРЕТТІ ҚАТТЫ ҰНАДЫ

+0
19 желтоқсан 2013, 14:23

ақ қағаздардан қиятын қарлар қалып қалды )))

+0
19 желтоқсан 2013, 17:52

ол әлі бар)

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.