2014 жылғы Шығыс жұлдызнамасы: Шаян

2014 жылғы Шығыс жұлдызнамасы: Шаян

Тышқан (1936, 1948, 1960, 1972, 1984, 1996). Махаббат, отбасылық қарым-қатынас, әріптестік ауызбіршілік жылдың басты тақырыптарына айналмақ. Өз бейнеңізге жылылық пен аяушылықты енгізіңіз.

Сиыр (1937, 1949, 1961, 1973, 1985, 1997). Неғұрлым батыл істерді алға қойып, соңына дейін барыңыз. Достармен қарым-қатынас үлкен мән-маңызға ие, сондықтан көп адаммен достық орнатыңыз. 

Барыс (1938, 1950, 1962, 1974, 1986, 1998). Балалар, махаббат пен шат-шадыман қуаныштар өміріңізді нұрға бояйды. Тәртіпке жүгініңіз. Себебі, армандау мен қиялдау барысы төтенше жағдайлар туғызбақ.

Қоян (1939, 1951, 1963, 1975, 1987, 1999). Өзіңізді көрсетудің сапалы әрі салиқалы іс-әрекетін таңдаңыз. Сол аралықта адамдарға, дәстүрге қайшы келмеңіз. Ақылдылық пен ынтықтықты бір өлшемге түсіріп алыңыз. 

Ұлу (1940, 1952, 1964, 1976, 1988, 2000). Достар қатарын көбейтіп, жолға жиі шығыңыз. Көп қарым-қатынас пен туыстармен көп іс талқыға түседі. Бір-бірлеріңізді сүйіп, қамқорлық көрсетіңіз, ал іскерлік қарым-қатынаста жеңілдік жасамаңыз. 

Жылан (1941, 1953, 1965, 1977, 1989, 2001). Қаржылық әл-ауқатыңызды арттыруға жақсы аралық. Жұмыстағы көп ауыртпалыққа қарамастан, өміріңізді бір жақсы арнаға түсіруге болады. 

Жылқы (1942, 1954, 1966, 1978, 1990, 2002). Отбасылық қамқорлықта, жұмыс орнында өз ойыңызды білдіріп жатасыз. Артық ауыртпалық үшін көп күттірмей қаржылық қуаттау да келеді.

Қой (1943, 1955, 1967, 1979, 1991, 2003). Өз-өзіңізбен жеке қалған сәттерде тапқыр ойлар дүниеге келеді. Күдіктер мен қорқыныштарға шығармашылық жол табылуы мүмкін. Жыл ортасында өмірлік бағыт-бағдарыңызды айқындай түсіңіз. 

Маймыл (1944, 1956, 1968, 1980, 1992, 2004). Дарыныңызды арттыруға көп көңіл бөліңіз. Көптеген жаңа таныстық күтіп тұр.

Тауық (1933, 1945, 11957, 1969, 1981, 1993, 2005). Алғашқыда өмірлік қым-қуыт тірлік жолыңыздан тайдыруы мүмкін, сондықтан жеке қызығушылығыңызбен айналысыңыз. Жұмыста, мансап жолында жетістік күтеді. Отбасы берік іргеге айналады. 

Ит (1946, 1958, 1970, 1982, 1994, 2006). Көп уақытта ойлануға жұмсаңыз, көп қателіктерді түзетуге тырысыңыз. Жаңа істерге ұмтылмай, бұрынғы жұмыстарды бітіріп алыңыз.

Доңыз (1935, 1947, 1959, 1971, 1983, 1995, 2007). Қоғамдық беделділік жаңа тыныс ашуы мүмкін. Тәртіптілік көп үмітке жол ашпақ. Саяхат жетістік алып келеді.

Дайындаған: Әкежан Дәкен

Сурет: tyznaesh.blogspot.com

Л. Лига