Жаңа жыл-2014. Жұлдызжорамал: Шаян

Жаңа жыл-2014. Жұлдызжорамал: Шаян

Қыс. Әріптестік, сыбайластық қарым-қатынаста көп нәрсені түзетуге мүмкіндік туады. Құлшынысыңызды өлшеп көріп, махаббатқа иелік етуге мүмкіндік беріңіз.

Көктем. Өмірлік ең маңызды делінген тапсырмаларды шешуге көңіл бөліңіз. Өзіңізге шын мәнінде не керек екенін анықтап алыңыз. Әріптестік, жолдастық қарым-қатынаста салқынқандылық танытыңыз.

Жаз. Өз ойлағаныңызды жүзеге асыру көп қиындық тудырмайды. Батыл қадамдар мен оптимистік көзқарас қаржылық әл-ауқатыңызды жақсартып, жұмыс орныңыздағы бағыт-бағдарыңызды бекіте түспек.

Күз. Толассыз жетістіктен басыңыз айналуы мүмкін, сондықтан саналылықты сақтаңыз. Жұмыс орнындағы ауызбіршілікті отбасылық қарым-қатынаста да ұстаныңыз. 

Махаббат. Өзіңізді өзгетуге тырыспаңыз. Ғашықтық қарым-қатынас, сезім дертіне жиі шалдығуыңыз мүмкін. Алғашқы кезден бастап сезіміңізді дұрыс бағамдап, дұрыс жолға қойып үйреніңіз. Және бұл тұста өз қолыңызға көп жауапкершілікті алуға тура келетін сәттер туындауы мүмкін. Қаңтар-ақпан-қыркүйек-тамыз айларында махаббат төңірегінде үлкен өзгерістер орын алып жатса, қарсы болмаңыз. Алғашқы жарты жылда орын алған өзгерістер өміріңізге оң әсерін тигізеді.

Отбасы. Сақтықты жоғалтып алмаңыз. Ақпан айларының орта тұсында отбасылық және үйішілік сұрақтарға уақыт бөліңіз. Бұл тұста да жұмыс орныңызда жақсы қарым-қатынасты нығайта түсуіңіз тиіс. Үй ішіндегі үлкен өзгеріс орнату жолындағы талпыныстар нәтижелілікке алып келмеуі мүмкін. Маусым айына дейін үлкен буынның көңілінен шығып жату мүмкін болмайды, сондықтан өзіңіз нені дұрыс деп ойласаңыз, солай шешім қабылдаңыз. Балалар көп мақтау мен көп уақыт бөлінуін қалайды. Және өз кезегінде балалар үшін үлкен шығынға түсуіңіз мүмкін. 

Достық. Қаңтар-ақпан айларында бұрынғы қарым-қатынастары араластырып жүрмеңіз. Қаңтар айында қарым-қатынаста өзімшілдік туындаса, наурыз айында жақсы жұбыңызбен керісіп қалуыңыз мүмкін. Қыста сіз адамдарға томаға-тұйық, жұмбақ болып көрініп, оның көрінісі әріптестік, жолдастық қарым-қатынаста орын алуы мүмкін. Бұл айда шығармашылық жолдастыққа көбірек дем қойыңыз. 

Наурыз-маусым айларында барлығын ашықтығыңыз бен жүрек мейірбандығыңызды көрсетумен таңғалдырасыз. Жаңа қарым-қатынастар медицина саласы мен денсаулық сақтау төңірегінде орнамақ. 

Денсаулық. Жақындарыңыз бен дос-жарандарыңыздың қамын ойлаңыз. Наурыз айына дейін күш-қуат азайып, жұмыстағы белсенділігіңіз төмендеуі мүмкін. Осы кез созылмалы аурулардың аралығы болуы мүмкін. Алғашқы жарты жылдықта тері күтіміне мән беріңіз. Сонымен бірге физикалық ауыртпалық пен тамақтану ғұрпы мән-маңызға ие. 

Бұл жылы тағам құрамын арттырып жіберу немесе дұрыс өлшем жасамау салдарынан толысып кетуіңіз мүмкін. Сәуір айларында жарақат алып қалу салдары жиілейді. Жүйке жүйеңіз жыл соңына дейін орнында болады. 

Қаржы және мансап

Өз орныңызды өзге ешкім баса алмайтындай көрінеді. Жұмыста көп тапсырмалармен жүресіз. Алайда, көп қуаттанып кетпей, демалыс алып тұрыңыз – мамыр-маусымда. Жыл ортасында қызмет жалақыңыз өсіп, жоғары қызметтерге дейін өсуіңіз мүмкін. Бірақ артық шығындалу мен зат-тауар сатып алуға көп қаржы бөлу әсерінен жұмыстағы толайым табысыңыз жоққа шығуы мүмкін. Қаңтар-маусым айларында мансап жолында өсіп-өну қиынға соғады, сондықтан тамыз-қазан айларын күтіңіз.

Басты кеңес: Алғашқы жарты жылда өзіңізге және өзгелерге ерекше қамқор болыңыз. Өмірлік маңызы жоғары істер күтіп тұруы мүмкін. Жарты жылдықта материалдық жағдайыңызды жақсартып алуға бел буыңыз.

Өз жеке қызығушылығыңыз бен әріптестік, отбасылық қарым-қатынаста бір үйлесімділік орнатуға тырысыңыз.

Дайындаған: Әкежан Дәкен 

сурет: chinese-luxury.com

Л. Лига