Жаңа жыл – 2014. Жұлдызжорамал: Балықтар

Жаңа жыл – 2014. Жұлдызжорамал: Балықтар

Қыс. Қаңтар айында өзіңіз көптен жүріп келе жатқан жоспарыңызға қайта көз тігіңіз. Достарыңыз бен жақындарыңыздың пікірі жұмысыңыздың өрлеуіне жаңа тыныс бермек.

Көктем. Қаржының ортасы жауапкершілік пен сауаттылықты талап етеді. Табан астында көтеріліп не түсіп кетуіңіз де ғажап емес.

Жаз. Маусым айында сізді романтика күтіп тұр. Жазда әріптестермен жұмыс жасау үшін басқа кездегіден де көп күш жұмсауыңызға тура келеді. Ақыл-ойдың арқасында күтпеген табыстың жемісін көресіз.

Күз. Көп күшті өзіңіздің денсаулығыңызға, біліміңізге және жеке өміріңізге бөліңіз.

Махаббат

Сіздің өзгелерден ерекше мінезіңіз бен өмірге деген көзқарасыңыз сізді үнемі махаббатта жеңіске апарады. Қаңтар мен шілде айларының ортасында сізді таңғажайып махаббат оқиғасы күтіп тұр. Қаңтар, ақпан және наурыз айларында сіз өзіңізге қатты көңіл бөлесіз. Сонымен қатар өткеніңіз жайлы да көп ойлайтын боласыз.

Отбасы

Сізді бұл жылы қызықты шаралар мен оқиғалар күтуде. Бәрі де отбасылық қаржының қорына келіп тіреледі. Сіз өз жұбайыңыз үшін әлемдегі ең сұлу, әрі ақылды жарсыз. Қаңтар айында үйдің еркелері сіздердің жүйкелеріңізге біраз салмақ салып сіздердің сабырларыңыздың қаншалықты қатаң екендігін тексеріп көреді. Жағдай сондайға келіп тіреледі.

Достық

Достардың сізге бұл жылы керегі көп. Сіздің алдыңызға дос бетпердесін киіп алған адамдар да достық білдіріп келуі мүмкін. Оларға есігіңізді ашпаңыз. Онымен қоса сізді шынымен дос көретіндердің де саны жетіп артылады. Бірінші жартыжылдықта орнайтын жағдай сізбен жолы бір емес адамдарды ығыстырады.

Денсаулық

Артық салмақ қосудан қорқыңыз. Және онымен күресіңіз. Қыс мезгілінде тәбетіңіз ашылмақ. Сізде осы жылы емдәмге байланысты бас қатыратын мәселелер туындайды. Дұрысы – мамандар кеңесіне құлақ асу. Тынығып демалудан қашатын болсаңыз мүлде әліңізді жоғалтып аласыз. Екінші жарты жылдықта бүйрегіңіз мазалауы мүмкін. Спортпен айналысу арқылы біраз аурудың бетін қайтарасыз.

Мансап пен қаржы

Сіздің дұрыс жұмыс жасауыңызға еркін күн тәртібі керек. Әсіресе екінші жартыжылдықта қаржылық салада жұмыс жасайтындардың айы оңынан тумақ. Ал егер өзгелердің жолы болмай жатса бәріне сабырмен қарау керек. Өйткені бәрі бірден бола қоймайды. Сіздің серіктесіңіз сізге қосымша ақша табуға көмектеседі. Онымен қоса ол сізге адал серік бола алады. Әйткенмен ақпан айының ортасында сіз бақыттың ақшада еместігіне көз жеткізесіз. Әріптестеріңізді жұмыстан қууға асықпаңыз. Уақыт өте бұл ісіңізге өкінетін боласыз. 

Дайындаған: Ақерке Әбілхан

Сурет: mygazeta.com

М. Оңғарова