Суқұйғыш. 2014 жыл. Шығыс жұлдызнамасы

Суқұйғыш. 2014 жыл. Шығыс жұлдызнамасы

Тышқан (1924, 1936, 1948, 1960, 1972, 1984, 1996, 2008)Қоғаммен тікелей байланыс және әлеуметтік желілер арқылы қарым-қатыныс құру сіздің қаржылай жағдайыңызды жақсартып алуыңызға көмектеседі. Осы жылы болатын оқиғалар сізді сынауға дайын.

Сиыр (1925, 1937, 1949, 1961, 1973, 1985, 1997, 2009). Сүйіктіңізбен осы жылы жарасасыздар. Ол сіздің әріптесіңіз немесе жақын танысыңыз болуы мүмкін.

Барыс (1926, 1938, 1950, 1962, 1974, 1986, 1998, 2010). Қызмет барысында шығармашылық қабілетіңізбен қатар ұстамды мінезіңізді қатар алып жүруге міндетті боласыз. Жауапкершілік қасиетін де серік тұтыңыз. Махаббат пен жұмысты, сезім мен мансапқа ұмтылысты шатастырмаңыз.

Қоян (1927, 1939, 1951, 1963, 1975, 1987, 1999, 2011). Құпия істер сізге абыроай әпермейді. Сол арқылы өзіңіздің жағымсыз образыңызды қалыптастырып аласыз. Балалармен қарым-қатынаста абай болыңыз. Оларға сіздің көмегіңіз керек.

Ұлу (1928, 1940, 1952, 1964, 1976, 1988, 2000, 2012). Бұл жылы жылжымайтын мүлік сізді қуантуы мүмкін. Бәстесткен болсаңыз, соны тез арада шешіп алыңыз. Үлкендерге көп уақыт бөліп солардан ақыл алыңыз.

Жылан (1929, 1941, 1953, 1965, 1977, 1989, 2001, 2013). Белсенді қарым-қатынас пен жаңа адамдармен таныстық сізді бұл жылы танымал тұлға етпек.

Жылқы (1930, 1942, 1954, 1966, 1978, 1990, 2002). Қосымша қаражат табу көзі шетелден шыығып қалуы мүмкін. Сонда да күнделікті жұмысыңыздан айрылып қалмаңыз.

Қой (1931, 1943, 1955, 1967, 1979, 1991, 2003, 2015). Өзгенің пікіріне қосыла кетуді қойып, өз пікіріңізде берік болыңыз. Бәріне биіктен қараңыз.

Мешін (1932, 1944, 1956, 1968, 1980, 1992, 2004, 2016). Мансап жолын қуамын деп рухани байлықтарды ұмытып кетпеңіз. Ұмытқан жағдайда күйзеліске ұшырауыңыз мүмкін.

Тауық (1933, 1945, 11957, 1969, 1981, 1993, 2005). Демалысқа уақыт бөліңіз, бірақ жалқаулыққа салынып кетпеңіз.

Ит (1934, 1946, 1958, 1970, 1982, 1994, 2006, 2018). Өз мақсаттарыңыз бен армандарыңыздың орындалу жолында талмай еңбектеніңіз. Өзгені қуантатын және таңдандыратын іс тындырасыз.

Доңыз (1935, 1947, 1959, 1971, 1983, 1995, 2007, 2019). Бұл жылды ойдағыдай өткізу үшін өзгелермен тіл табыса білуіңізге тура келеді. Өсек-аяңнан бойыңызды аулақ салыңыз. Туыстарыңызбен керісіп қалудан сақтаныңыз. 

Дайындаған: Ақерке Әбілхан

Сурет: liveinternet.ru

А. Әбілхан