Жаңа жылдағы сыртқы келбетім

Жаңа жылдағы сыртқы келбетім

Жаңа жыл мерекесін қандай киіммен қарсы алуға болатыны туралы жазып өткенбіз. Бүгінгі жазбамызда сол киіммен қоса қандай аксессуар тағатынымызды сөз етіп көрейік. 

Жаңа жыл және аксессуарлар

Егер сіз Жаңа жылды қарсы алу үшін көк түстен басқа көйлек таңдасаңыз, көк, жасыл, көгілдір реңді әшекейлерді алыңыз. Ал біз ұсынған кеңесті назарға алып, көк түсті көйлек киетін болсаңыз, табиғи немесе жасанды гауһардан жасалған әшекей бұйымдар жараса кетеді.

Дәл осындай көйлек үшін күміс, сұр, сүт түсті аяқ киімдер жарайды. Ашық көк түсті киімге классикалық туфлилер, ботильондар, жеңіл аяқ киімдер сай келеді.

Жаңа жыл және шаш сәні

Шаш сәні киіммен үйлесіп тұруы керек және салақтыққа жол бермеңіз. Жылқы жылына сыланып-сипалған, жайылған шаштар тән. Біреулер үшін қарапайым, ескі әдіс болып көрінгенімен, жыл қожайыны осыны қалайды. Ағаш бұйымдар мен декоротивті шаш қыстырғыштармен де сәндеуге болады.

Өруге және бұйралауға да кеңес беріледі. Толқынды шаштар батыл, бірбеткей жануарды еске салады. Ал әдемі ленталармен байланған шаш өрімдері жылқының құйрығына ұқсайды және міндетті түрде сіздің табиғи сұлулығыңызды нұсқайды.

Жаңа жыл және маникюр

Көк жылқының жылында шынайылық, табиғилық бағаланады. Бұл құндылықтар тырнақ сәнін де айналып кете алмады. Сол себептен, бадам пішінді, сопақ келетін ұзын я қысқа тырнақтар сәнде болады. Аса ұзын, өткір, төрт бұрышты, жасанды тырнақтарды ұмыта тұрыңыз. Сәнді декор туралы не айтуға болады? Жылтырақ, стразды, моншақты декорларды пайдаланып көріңіз. Ол сіздің сыртқы келбетіңізге жарасып тұру керек. Мұндай сәнді бір ғана тырнаққа жасап, қалғандарын қарапайым бояумен қалдырсаңыз да ағаттық емес.

Есіңізде болсын, жаңажылдық көйлекті, аксессуарларды, шаш сәнін таңдау маңызды шығар. Дегенмен ең маңыздысы – жақсы көңіл-күй мен жақын адамдарыңыздың жаныңызда болуы...

Дайындаған: Айгерім Сматуллаева

Сурет: kataloglina.ru