Оқи отырыңыз

Өзі білмесе де елге ақыл айту – қазақтың қасиетті өнері.

Автор: Оралхан Бөкей

— Редактор бағаны —

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Арнайы жобалар / Жаңа жыл 2013 / Санасыз сыйланған сыйлықтар тізімі

Санасыз сыйланған сыйлықтар тізімі

Санасыз сыйланған сыйлықтар тізімі

Corriere della Sera италиялық журналының журналистері жаңа жылда сыйланатын жөнсіз сыйлықтар тізімін жасапты. Ең оғаш көрінген сыйлықтар қатарында сурет салатын рамалар, сүйіп оқитын кітап, қайыстан жасалғандай әсер қалдыратын қоңыр портфель бар.

Соңғы сыйлық сәтсіз сыйлықтар рейтингінде көш бастап тұр. Ал екінші орында – iPhone қолданатын адамға сыйланған Samsung ұялы телефондарына арналған қалташа. Үштікті қорытындылап тұрған «санасыз» сыйлық құны көрсетілетін қағазшасымен сыйланатын барлық заттар. Төрттікке табан тіреп тұрған фото салынатын рамалар болса, бесінші орында диета ұстанып жүрген немесе қант диабетімен ауыратын адамға берілген тәтті-пәттілер екен.

6-орында сүйіп оқитын автордың кітабы, себебі сыйлық алушы сүйіп оқитын жазушысының барлық туындыларын оқып қойған болуы әбден мүмкін. Егер сіз киім бетіне адам суретін салғызып, сыйлауды жаңалық десеңіз, қателесесіз! Себебі өзінің суреті бар киімді ешкім де жалпақ жұрттың алдына шығып кие алмайды. Тиісінше, суретті киім жетінші орында. Сегізінші орында дәрі-дәрмек салатын қорап. Иттің керамикадан жасалған мүсіні 9-орында. Ал ондықты термопижама қорытындылап тұр. Италияның «сұмдық» қысына төтеп бере алатын осы киім шығар, бәлкім...

Италиялық журналистердің жасаған тізімі сізге де ой салар, жақыныңыздың көңілін қалдырып жүрмеңіз...

Дайындаған: Ардақ Құлтай

Сурет: cache.gawker.com

433 0
Рейтинг: +0

Дайындаған: Ардақ Құлтай
Қосылған күні: 28 желтоқсан 2012, 12:22
Пікірлер
+0
28 желтоқсан 2012, 14:51

Фото салатын раманы маған Айгерім сыйлады ғой ) Ұнады... Бұл жерде бәрі талғамға келіп тірелетін сияқты. Сондықтан италиялық журналистердің бұл қорытындысымен келіспейді екем.... :roll:

+0
28 желтоқсан 2012, 15:05

Егер сіз киім бетіне адам суретін салғызып, сыйлауды жаңалық десеңіз, қателесесіз! қателесіп келіппін осыған дейін :)

+0
28 желтоқсан 2012, 16:26

Кейде бір затты бірнеше адам сыйлаған кезде қызық боп қаласың иа ))

+0
28 желтоқсан 2012, 17:53

диета ұстанып жүрген немесе қант диабетімен ауыратын адамға кәмпит беретін адамды жынды дер едім!

+0
28 желтоқсан 2012, 17:55

термопижама! :lol:

+0
28 желтоқсан 2012, 17:56

Айфон ұстайтындарға самсунгтың чехолын беру де бір саясат. :mrgreen:

+0
28 желтоқсан 2012, 20:44

6 орыдағы сыйлық расымен....)))

+0
28 желтоқсан 2012, 23:23

сыйлық таңдау да өнер

+0
29 желтоқсан 2012, 01:24

Бәрінен бұрын ықылассыз сыйланған сый жаман шығар...

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо...

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...