Оқи отырыңыз

Өзі білмесе де елге ақыл айту – қазақтың қасиетті өнері.

Автор: Оралхан Бөкей

— Редактор бағаны —

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Арнайы жобалар / Жаңа жыл 2013 / 10 жасар бойжеткен жасаған қайырымдылық

10 жасар бойжеткен жасаған қайырымдылық

10 жасар бойжеткен жасаған қайырымдылық

Англиялық 10 жасар қыз қайтыс болған әкесінің арманын жүзеге асыру үшін анасы мен үш әпекесінің көмегімен биылғы жаңа жыл мерекесінде 50 панасыз қартты үйіне шақырып, олармен бірге мерекені тойлаған.

Бұл кішкентай бойжеткеннің есімі - Gracie McNulty. Оның әкесі McNulty ұзақ жылдар бойына қайырымдылық ісімен айналысып, үнемі жетім-жесірлер мен үйсіз-күйсіз панасыздарға көмек беріп келген. Бірақ бұл қайырымды жан биылғы жылдың тамыз айында жұмыс кезінде жығылып, қаза тапқан екен.

Кішкентай бойжеткен тілшіге берген сұхбатында әкесінің осынау панасыз жандармен бірге алдағы жаңа жылды бірге өткізгісі келетінін, бірақ, әкесінің бұл ойына жете алмай қаза тапқанын, әкесінің арманын жүзеге асыру үшін анасы мен әпекелерінің көмегімен әкесінің бұл «ұлы» арманын орындағанын айтқан. Ол қонаққа келген панасыздарға шарф, шұлық сияқты сыйлықтар ұсынған.

Ол тағы: «Әкемді қатты сағындым. Біз бәріміз де оны еске аламыз. Әкем мен дайындаған бұл жолғы жаңа жылдық кешті көрсе, сөзсіз қуанышқа бөленер еді. Мен бойжеткенде әкемнің қайырымдылық ісін жалғастырамын. Ол сөзсіз мені мақтаныш ететін болады» депті.

Дайындаған: Алшын Матай

Сурет: xinhua.net

1057 10
Рейтинг: +7

Дайындаған: Қайсар Қауымбек
Қосылған күні: 26 желтоқсан 2012, 16:24
Пікірлер
+0
26 желтоқсан 2012, 17:02

Ақылынан айналып кетейін...

+0
26 желтоқсан 2012, 17:13

Тамсанбасқа амал жоқ екен

+0
26 желтоқсан 2012, 20:19

boijetken nesi?

+0
26 желтоқсан 2012, 23:56

Соны aйтaм, :shock: бойжеткенi несi тaғы? Бүлдiршiн ол әлi. Бaстaуыш мектеп оқушысын бойжеткен деп aтaу, ендi бiлмейм..

+0
27 желтоқсан 2012, 00:24

"кішкентай ғана бойжеткен" деп еркелетіп жататын. содан солай алғанмын ғой. ғапу етіңіздер. ескере жүрейін.

+0
27 желтоқсан 2012, 00:33

Бойжеткен мен бозбaлa: пiсiп тұрғaн жaсөспiрiм. Кейбiр мұсылмaн елдерiнде 9 жaсaр қыз бойжеткен боп сaнaлaды. Ондaй хaлге түскен жоқпыз әлi. Бiзде кiшкентaй қызды бойжеткен деп еркелетудi естiмеппiн. Бaлa ғой әлi деп еркелетушi едi. 10 жaсaр бaлa, бойжеткен болудaн әлдеқaйдa aлшaқ.

+0
27 желтоқсан 2012, 10:52

жөн. мақұл.

+0
27 желтоқсан 2012, 00:08

Жарайсың!

+0
27 желтоқсан 2012, 12:16

маладес!

+0
20 қаңтар 2013, 13:37

Болашақта осы беттен таймасын !!! деп тілеймің 8-)

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо...

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...